Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет281/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   677
БАҚЫРҒАНИ Сүлеймен Хакім ата, Сүлеймен ата, Бақырғани ата, Хакім Сүлеймен (12 ғ-дың 
2-жартысында  өмір  сүрген.  Арал  теңізіне  таяу,  Қарақалпақ  жеріндегі  Қоңырат  қ-ның  маңында 
туған)  -  қыпшақ  дәуіріндегі  ақын,  ғалым.  Оның  әдебиетте  жиі  кездесетін  аттары:  Хаким  ата, 
Сүлеймен  ата,  Бақырғани  ата,  Хаким  Сүлеймен.  Б.  Қожа  Ахмет  Иасауидің  шәкірті  болған. 
Түркістан, Сайрам, Үргеніш қалаларында білім алған. Аңыз бойынша Б-дың күмбезі 40 жыл бойы 
су астында қалған. Шығысты зерттеуші К.Г. Зельман ол аңыздың шығуына 1221 жылғы моңғолдар 
шапқыншылығы  әсер  еткен  дейді.  Б-дың  негізгі  шығармасы  -  қыпшақ  тілінде  жазылған 
"Бақыргани  кітабы"  өлеңдер  жинағы.  Ол  жинақта  Сырдария  бойы  мен  Қаратаудағы  рулардың 
тарихынан  мәліметтер  берілген.  Кітап  1846  жылдан  бастап  Қазан  қ-нда  бірнеше  рет  басылып 
шықты. Б-дың "Хаким ата", "Хазрет Мариям", "Ақыр заман" атты кітаптары да бар. Соңғы екі 
кітаптың  мазмұнында  дін,  сопылық,  мінажат  сарыны  басым  келеді.  Б-дың  еңбектерінде  өз 
заманындағы тарихи оқиғаларды, әдеби ғұрыпты баяндайтын көп мәліметтер бар. қ. "Бақырғани 
кітабы".   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет