Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет289/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   677
БАРМАҚ  АҚЫН.  Бармақ  Мықанбайұлы  (1866.  Жамбыл  обл.  Шу  ауд.  -    1942)  -  ақын, 
Жамбылдың  шәкірттерінің  бірі.  Б.  а.  өлеңді,  көбінесе,  қобызға,  домбыраға  қосып  айтатын 
болған.  Жамбыл  мұражайындағы        сақтаулы        фотосуретте  Б.  а.      қолындағы      қобызымен     
бейнеленген. Б. а. 1913 ж. Романовтар әулетінің Ресей империясы тағына отырғанына 300 жыл 
толуына арналған Алматыдағы көрмеге, сондай-ақ 1919 жылғы Респ. халық өнерпаздары жиынына 
қатысқан. 1937 ж. жазықсыз жаламен ұсталып, 1942 ж. айдауда қайтыс болған. "Өмір соқпақтары", 
"Төрт  түлік  мал",  "Кәрілік  туралы",  "Дәулетияр  мырзаға",  "Қасым  датқаға",  т.б.  өлеңдері  мен 


термелері,  Жанат  қызбен,  Кенжеқожамен  айтыстары  сақталған.  Шығармалары  "Қыл  қобызды 
Бармақ" деген атпен жеке кітап болып жарық көрген (1993).   
БАРМАҚ,  буын  уәзіні  -  әр  жолындағы  буын  сандарының  біркелкі  келу  заңдылығына 
негізделген  түркі  тілдес  халықгар  поэзиясының  өлең  өлшемі.  Бұл  жүйедегі  өлең  құрылысы  тек 
түркі тілдес халықтар поэзиясында ғана емес, сондай-ақ, француз поэзиясында, кейбір славян тілдес 
халықтар  поэзиясында  ертеден  қолданылып  келе  жатқандықтан  оны  әдебиет  теориясында 
силлабикалық (грек. силлабо - буын) өлең деп атау қалыптасқан. Түркі тілдес халық поэзиясында 
ертедегі ауыз әдебиетінен бастап бүгінге дейін осы өлең жүйесі қолданылады. 11 ғ-да жазылған 
Махмұт  Қашқаридің  "Диуани  лүғат  ат-түрк"  кітабындағы  өлендер  де  Б.  өлшемімен  жазылған. 
Кейбір халықтардың (өзбек, әзербайжан, т.б.) жазба поэзиясында  араб-парсы үлгілеріне еліктеу 
негізінде аруз өлшемі қолданылып келді. Арузда буынның саны емес, сапалық өзгешелігі, яғни, 
ұзынды қысқалы буындардың белгілі ретпен кезектесіп келуі алдымен ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет