Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет329/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   677
БИГЕЛДИЕВ  Балтағұл  (1891,  Алматы  обл.  Балқаш  ауд.  Желтораңғы  а.  -1971.  Алматы)  ақын. 
"Жетісу" әні, "Балқаш қыз", "Бөжірік батыр", "Бір қазының айласы" дастандары бар. "Балқаш" 
(1970),  "Балқаш  оттары"  (1975),  "Бірлік  нұры"  (1979)  жыр  жинақтары  жарық  көрген.  Төл 
туындылары  мен  ел  аузынан  жинаған  фольклорлық  нұсқалары  Орт.  ғыл.  кітапхананың  сирек 
қолжазбалар  қорында.  Әдебиет  және  өнер  ин-тының  Қолжазба  және  мәтінтану  бөлімінде 
сақталған.   
 
БИНАЗАРОВ Иса (1898. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. - 1964. сонда) ақын. 1919 ж. Семей қ-нда 
мұғалімдер даярлайтын екі жылдық курсты бітіріп, ауылдық мектепте мұғалім болған. Өлеңдері 
"Халық ақындары" (1953). "Пернедегі термелер" (1965). "Айтыс" (3-т.. 1965) жинақтарына енген.   


БИЛЕР САЙЫСЫ билердің дау-дамай мен билік үстінде айтатын ұтқыр сөздері. Б. с. терминін 
алғаш  рет  М.Әуезов  "Әдебиет  тарихы"  зертгеу  еңбектерінде  (1927)  арнайы  әңгіме  етіп.  ғыл. 
айналымға енгізді.  Ғалым Б. с-ның шығу төркіні мен  таралуын  сөз ете отырып, оны төрт  түрге 
жіктейді:  1.  дау  мен  билікті қоса айтқан Б. с. Бұған Бұқар жыраудың "Керей, қайда барасың?" 
деген арнауын жатқызады; 2. екі бидің әділ билікке таласып айтқан сөздері. Бұл ретге Ақтайлақ 
бидің Бопы төремен Б. с. үлгі етіледі; 3. жұмбақпен, тұспалмен айтылған  Б. с. Мұның мысалы 
ретінде Қарамеңде мен Кеңгірбай Б. с. сөз болады; 4. жамандап яки мақтап айтатын сөздер. Б. с-ның 
бұл түрі ретінде Сабырбай ақынның Солтабай төреге айтқан арнау сөзін мысал етеді. Б. с. кезінде 
билікке түсуші екі жақтың бірдей сөз сайысуы шарт емес. кейде билік бір ғана жақтан да айтылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет