Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет327/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   677
БЕСІК ЖЫРЫ тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Б. ж-н айтпайтын халық 
жоқ.  Б.  ж-нда  халықтың  төл  тарихының,  дәстүрлі  мәдениетінің,  ежелгі  наным-сенімінің, 
дүниетанымының көрінісі  бар. Өлеңі  7-8. кейде  11  буынды  ән  формасында құрылады.  Б.ж-ның 
басты  қызметі  бесік  тербелісіне  ыңғайлас  сазды  әуен,  ырғақты  сөзбен  баланы  тыныштандыра 
отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Б. ж. баланың 
сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады. Қазақ Б. ж-ның 
үлгілері  алғаш  Ә.Диваев  хатқа  түсіріп,  1905  ж.  жариялаған.  Қазақ  Б.  ж-ларын  мазмұны  мен 
поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі Б. ж-лары және суырып салма Б.ж-лары деп екі топқа 
бөлуге болады. Дәстүрлі Б. ж-лары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық 
жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: "Әлди, әлди ақ бөпем, 
Ақ бесікке жат, бөпем!" деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, 
алдандырып  тәтті  ұйқыға  батыратын  шумақтарға  ұласады.  Ал  суырып  салма  Б.  ж-ларында 
айтушы жанрлық түрді пайдалана отырып, кезеңдік жағдайларды, өзінің ішкі мұң-сырын өлеңге 
қосады.  Б.  ж.  қазақ  әйелінің  жан  дүниесін  танытатын,  ел  тұрмысынан  мол  мағлұмат  беретін 
мағынасы  кең  жанр.  Оның  осы  мүмкіншілігін  кейінгі  жазба  әдебиет  өкілдері  мен  сазгерлер  де 
кеңінен пайдаланып келеді. 
 
  БЕТАШАР  -  келін  түсіру  тойында  айтылатын  тұрмыс-салт  жырларының  бір  түрі.  Той 
ортасынан  ауған  кезде  орындалатын  болған.  Б.  өлеңін  жыршылар  күні  бұрын  жаттап  алған,  ал 
ақындар той үстінде қолма-қол толғап, келіннің бетін жанынан шығарған өлеңмен ашқан. Дәстүр 
бойынша шымылдық ішінде басына желек жамылып, жүзін көлегейлеп отырған жас келін ортаға 
шақырылады. Ол босағадан аттағанда, отқа май құйып, ырым жасайды. Сол кезде Б. айта бастайды. 
Әуелі  келінді  жиналған  жұртпен  таныстырып,  оларға  келін  сәлем  береді.  Сосын  келінді  жаңа 
түскен ортасымен, ата-енесінен бастап рет-ретімен таныстырып шығады. Б. соңы келінге бақытты 
ғұмыр  тілеу-мен  аяқталады.  Б.  мазмұны  көбіне  бір  сарынды  болып  екі-үш  желіден  тұрады: 
қайын-жұртпен  таныстыру,  үлкендерден  көрімдік  сұрау,  келінге  насихат  айту.  Мұндай  кезде 
келін  түсірген  ауыл  адамдарының  аттары  аталып,  жөндері  түгелденіп,  тыңдаушыларды  ерекше 
әсерге  бөлейді. Кейде Б-ды ақындарға  арнайы  жаздырып алып айту үрдісі де  бар.  Белгілі  қазақ 
ақындары Базар жырау, І.Жансүгіров, К.Әзірбаев, А.Тоқмағанбетов, т.б. жаңа өмір салтына лайық 
Б. өлеңдерін жазған. Б., көбінесе, жеңіл күлкіге, қалжыңға құрылады. Тұрмыс-салт жырларының 
өзге түрлері секілді Б-да 7-8 буынды жыр өлшемі сақталады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет