БЕРСҮГІРОВА Дәмеш (15.3.1905. Алматы обл. Сарқан ауд. Бақалы а. -4.1.1985. Алматы) ақын.
Алматыдағы мұғалімдер даярлайтын курсты бітірген (1920). 1921 - 1955 ж. ауылда мұғалім
болған. Өлеңдері 1925 жылдан мерзімді баспасөзде жариялана бастаған, "Ақындар шашуы"
жинағына енген (1927).
БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ Дәурен (15.5. 1974 ж.т„ Шығ. Қазақстан обл. Үржар ауд. Қарабұта а.) - ақын.
Халықар. қатынастар және әлем тілдері ун-тін бітірген. 1996 - 99 ж. орта мектепте мұғалім. 1999 -
2002 ж. ҚазҰУ-да оқытушы болып жұмыс істеген. Өлеңдері 1994 жылдан баспасөз беттерінде
жарияланып келеді. Топтама жырлары "Сборник, Избранное" жинағына, "Жас ақындар
жырларының антологиясы" (2000) жинағына енген. "Оттегім менің, от демім менің - жырларым"
(1996), "Ante Meridium" (2001) жыр жинақтары жарық көрген. БЕСТАРМАҚ - қазақ
поэзиясында қолданылатын шумақ өрнегі. Соңғы тармақ келесі шумақтардағы сәйкес тармақпен
ұйқасып отырады. М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б. ақындар Б-ты он бір буынды өлеңде шебер
қолданған.