әсерімен қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған
"Серке"
(1907),
"Қазақ" (1913 - 18), т.б. Г-терді шығаруды қолға алды. Сонымен қатар "
Сарыарқа" (1917),
"Көмек" (1919-20),
"Тілші" (1921),
"Ақжол" (1920-26), демократиялық бағытты ұстанған
"Қазақстан" (1911 - 13), 1919 жылдан төңкерістен кейінгі еңбекшілер өмірін, жаңа бетбұрысты
жариялап тұрған "Қазақ тілі", 1935 жылдан орта мектеп мұғалімдері мен пед. жоғары оқу
орындарының студенттеріне арналған "Төте оқу" (қазіргі "Қазақстан мұғалімі") Г-тері халық
танымын кеңейтуге өз үлестерін қосты. Қазіргі кезде елімізде 150-ге тарта Г-тер шығады. Олар
саяси көзқарасы мен ұстанымына қарай шартты түрде: р е с м и және т ә у е л сі з ; меншіктік
пішініне орай мемлекеттік, партиялық, қоғамдық, даралық (арнаулы), жеке меншік; шығу
мерзіміне орай күнделікті және апталық; сондай-ақ, аймақтық принцип бойынша
республикалық, облыстық, қалалық, аудандық Г-терге сараланады. Бұл газетгерде мемл
жарғылар, конституциялық заңнамалар, әлеум.-қоғамдық жаңалықтар, спорт жаңалықтары. қоғам
қайраткерлерінің ой-толғамдары, жекелеген қаламгерлердің туындылары, ол туындыларға сыни
пікірталастар жарияланып тұрады.
"Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан", "Жас Алаш", "
Түркістан", "Әдебиет айдыны", "Жас қазақ" Г-тері қоғамдағы әлеуметтік. әдеби құбылыстарды
өткір жазып жүрген басылымдар санатында. Қазір республикамызда 1327 Г. шығарылады (2005).
Достарыңызбен бөлісу: