Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет366/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   677
ГРАДАЦИЯ  (лат. gradatio - бірден-бірге сатылап күшейте түсу,  еселей түсу, біртіндеп көтеру), 
дамыту - алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу, алдыңғы 
құбылыстан  соңғы  құбылыстың  қуат-тегеурінінің  асып  түсіп  отыруы.  Бүл  көркемдік  тәсіл 
синтаксистік қайталаулар мен мағыналық өрістің кеңеюіне құрылады. Ахмет Байтұрсынұлы бұл 
стилистикалық тәсілді "дамыту" деп атаған. Және осыған 1) "Бар. Жүгір. Ұш", 2) "Мен саған он 
рет,  жүз  рет,    мың  рет  айттым",  3)  "Халықты  қаңсылату  -  обал,  халықты  зар  жылату  - 
мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату - иттік" деген мысалдар келтірген. Г. поэзияда да, прозада 
да қолданылады. Мыс.. "Қобыланды батырдағы" Тайбурылдың шабысы. Г-ның поэзиялық үлгісіне 
мысал ретінде Мағжанның мына өлең жолдары мысал болаалады: "Бүгінгі күн тән құшпадым, жан 
құшпадым, жанды құштым, таңда құштым, көкке ұштым", - мұндағы ойды үсті-үстіне күшейтіп, 
еселеп  айту  тәсілі  ақынның  ыстық  махаббатын,  кемерінен  асып,  шалқыған  шаттық  сезімін 


толық, әсерлі жеткізгенін көреміз. Қолдану сипатына қарай Г. екіге бөледі. Бірі түйдектету: 
"Қиқу салып құзға ұшқан, Құздан суық мұзға ұшқан, Мұздан биік бұлтқа ұшқан" (Т.Жароков); 
екіншісі  -  баяулату:  "Әм  жалықтым,  әм  жалықтым"  (Абай).  Кейде  екеуі  қосарланып 
қолданылады:  "Безілдет,  Сарнат,  Зарлат!  Үздіктірші!  Керек  жоқ!  Лақтыр  әрі!  Қысқарт, 
Қысқарт" (І.Жансүгіров).   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет