ГЕРМЕНЕВТИКА(грек. һеrmenlikе -һеrmenco - түсіндіремін, түсінік беремін, ұғындырамын) -
мәтіндерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім. "Г." терминінің шығу
төркіні "құдайлардың хабарын ажалды пенделерге жеткізуші" Герместің есіміне байланысты пайда
болған. "Г." ықылым замандарда сәуегейлік сөздерді (абыздың болжалы) түсіндіру ілімі ретінде
пайда болды. Ежелгі дәуірде ақындар шығармаларын филологиялық тұрғыдан түсіндіру,
заңдарды құқықтық ыңғайда талдап түсіндіру Г-ның негізгі салаларына айналды. Г. өзінің
қазіргі мағынасында неміс философы әрі филолог-классигі Ф.Д.Шлейермахердің (1768- 1834)
еңбектерінде қолданыла бастады. Оның концепциясы бойынша, "жеке дара" қасиетке ие затты
ғана "түсіндіруге" болады, бұған ол көркем шығармаларды, тарихи ескерткіштерді жатқызады.
Г-ның міндеті - авторды неғұрлым жақсы түсінуге ұмтылу. Қазіргі Еуропалық Г. бір-бірінен едәуір
ерекшеленетін көптеген бағыттарды ұстанады. Классикалық Г-ның әдебиеттану ғылымы үшін
маңызы зор, ал оның мақсаты - көркемдік тұтастықтың "өміршеңдігі" мен оны ұғындырудың
"ғылымилығын", сана-сезім мен мәдени дәстүр дәйектілігін белгілі бір орныққан көзқарастың
төңірегінде біріктіру болып табылады.
ГЕРТ Юрий Михайлович (7.2.1931 ж.т., Астрахан қ.) - жазушы. Ресейдегі Вологда пед. ин-тын
бітірген. Мурманск обл-нда ұстаздық еткен. Алғашқы повесі. "Преодоление" 1955 ж.
жарияланған. 1957 ж. Қарағанды қ-на қоныс аударып, бірнеше жыл "Комсомолец Караганды"
газетінде, Қазақстан жазушылар одағының Қарағанды обл. бөлімшесінде істеген. Кейін "Простор"
журналында бөлім меңгерушісі болды. І.Есенберлиннің, М.Мағауиннің, М.Сүндетовтің,
Х.Абдулиннің, З.Сәмедидің кейбір шығармаларын орыс тіліне аударған. Қазақстан Жазушылар
одағы сыйл. иегері (1988).