ДАЙРАБАЙ Тынышбек Майлыбайұлы (13.2.1943 ж.т., Қызылорда обл. Жалағаш ауд.
Жаңаталап а.) - ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1969). Сыр өңірінен
шыққан атақты би, шешен, батыр, жыраулардың шығармаларын жинаумен айналысқан. "Дүр
Оңғар" (1992"), "Қаңлы Жүсіп" (1994), "Кете Жүсіп". т.б. кітаптарын құрастырушы.
ДАЙЫРОВА Әнеш Мұқатайқызы (9.9.1927, Жезқазған обл. Ақтоғай ауд. Ақтоғай а. - 1997.
Алматы) - ғалым, филол. ғыл. канд. (1964). ҚазҰУ-ды(1951), КазҰПУ-дың аспирантурасын
бітірген (1963). 1951 -1954, 1964 - 1997 ж. Ы.Алтынсарин атынд, пед. ғыл.-зерт. ин-тында ғыл.
қызметкер, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1954 - 1960 ж. ҚР-ның А.С. Пушкин атынд.
мемл. кітапханасында (қазіргі Ұлттық кітапхана) аға библиограф қызметтерін атқарған.
Достарыңызбен бөлісу: