ҒЫЛЫМИ-КӨПШІЛІК ӘДЕБИЕТ, ғ ы л ы м и - т а н ы м д ы қ әдебиет - белгілі бір ғылым
туралы, сол ғылымды дамытқан ғалымдар жөнінде жазылған шығармалардың жалпы атауы. Ғ.-к.
ә.. негізінен, сол саланың маманы емес адамдарға түсінікті тілмен жазылады. Тақырыбы жағынан
ғалымдар ғұмырнамасын, іргелі және қолданбалы ғылымдар саласын, жиһанкездер саяхатын, т.б.
қамтиды. Ғ.-к. ә. ғылымның жетістігін көпшілік қауымға насихаттаушы. Ежелгі Рим ойшылы К.
Лукрецийдің (6.3.6. 1 ғ.) "Заттың табиғаты" және М.В. Ломоносовтың "Шынының пайдасы туралы
хаты" осы бағытта жазылған шығармалардың алғашқылары. Кейін орыс баспагерлері Ф.Ф.
Павленконың (1839 - 1900) "Пайдалы білімдердің кітапханасы", В.В. Лункевичтің
"Ғылыми-танымдық кітапханасы", "Тамаша адамдар өмірі", т.б. елеулі еңбектер жарық көрді.
Қазақ тілінде жарық көрген "Өнегелі өмір" сериясын, "Негеш", "Шаңырақ" энциклопедияларын
осындай еңбектер санатына жатқызуға болады.