Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет409/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   677
ДИССОНАНС  (франц.  (dissonance,  лат.  dissono  үйлесімсіз  дыбыстаймын).  әдебиеттануда  - 


өлең  ұйқастарында  кездесетін  құбылыс;  толымсыз  ұйқастың  бір  түрінің  атауы.  Д.  түрлі  өлең 
жүйелерінде түрліше сипатта болады; тоникалық жүйедегі орыс өлеңінде Д. - өлең ұйқастарындағы 
екпін түсіп түрған дауысты дыбыстардың сәйкеспей, тек одан кейінгі дауыссыздардың ғана өзара 
үндесіп  (ұйқасып)  немесе  бірдей  болып  келуі.  Мыс.:  слово  -  слева  -  слава.  Ал  силлабикалық 
жүйедегі қазақ өлеңінде Д. үйқастың акустикалық құрылымындағы бір немесе бірнеше дауысты 
дыбыстардың сәйкеспей, үйлесімсіздік танытып, ұйқас құрамындағы дауыссыздардың түгел дерлік 
өзара үндесуіне негізделеді. Мыс.: "Әуелде бір суық мұз - ақыл    з е р е к, Жылытқан тұла бойды 
ыстық  жүрек"  (Абай").  Д.  сирек,  ондада көп (төрт, бес) буынды өлең ұйқастарының бастапқы 
буындарындағы  селкеулік  ретінде  ғана  әредік  ұшырасады.  Мыс.;  "Қойшы  аянбас  сіздердей 
"қонағынан", Не бір серке сойылар, н е бағлан. Жазбай тани қоясың жаздың нұрын, Жадыраңқы 
іңірдің  қабағынан"  (Т.Әбдікәрімов).  Д.  түзіп  тұрған  ұйқастардағы  үндестік  тек  дауыссыз 
дыбыстардың  үйлесіміне,  яғни  олардың  өзара  ұйқасып  немесе  қайталанып  келуіне 
негізделетіндіктен, оны кейде консонанс (франц. conconne- үндесу) деп те атайды, бірақ бұл атау 
сирек қолданылады.   
 
ДИУАН  (парсы  -жазыпалу.кітап)  -  шығыс  классикалық  әдебиетіндегі  бір  немесе  бірнеше 
ақынның  шығармаларын  қамтитын  жинақтың  атауы.  Д-дағы  шығармалар  жанр  бойынша, 
әліпбилік  тәртіппен  орналасады.  Шығыс  поэзиясында  дастандар,  поэмалар  хамса  боп  бестен 
біріктірілсе, Д-ға, негізінен, көлемі шағын көркем шығармалар - ғазалдар, сонымен бірге қасидалар, 
мұхаммастар,  мусаддастар,  алты-тармақ,  мусаббалар  (жетітармақ,  қыталар)  (үздіктер),  рубаи, 
мәснәуилер кірген. Шығыстың белгілі шайырларында бір немесе бірнеше Д. болған. Мыс., Әлішер 
Науаидың  (Ш\  -  т\)  "Чар  Диуан"  (төрт  диуан)  атты  шығармалар  жинағы  болған. 
Әрқайсысының  жеке  тақырыбы,  аты  болған.  Олар:  "Балалық  шақтың  базарлары",  "Бозбала 
шақтың маржандары", "Орта жастың ғажайыптары", "Қарттықгың қасиетті кеңестері", Сөйтіп, "Чар 
Диуан" ақынның бүкіл өмірін қамтып шығады. Батыс әдебиетінде бұл үлгіде жасалған В.Гетенің 
әйгілі  шығармасы  -"Батыс-Шығыс  диуаны",  "Д."  сөзі  "кітап"  деген  мағынаны  білдіріп,  басқа  да 
жинақтарға қолданылған. Махмұт Қашқари үш томдық түсіндірме сөздігін "Диуани лұғат ат-түрк" 
деп атаса, Қожа Ахмет Иасауи хикметтер жинағын "Диуани хикмет" деп атаған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет