Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет412/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   677
ДОМБАЕВ Есенжол (2.5.1938жт., Атырау обл. Индер ауд. Шолақ Шағыл а.) - жазушы-драматург. 
Алматыдағы  Құрманғазы  атынд.  мемл.  консерваториясын  бітірген  (1961).  Кейін  "Қазақстан 
пионері"  (қазіргі  "Ұлан"),  "Ара",  "Жаңа  фильм"  сияқты  газет-журналдарда,  "Қазақ-фильм" 
киностудиясында  әдеби  қызметкер,  фельетонист,  бөлім  меңгерушісі,  аға  редактор,  бірлестік 
директоры  болып  қызмет  атқарған.  Д-тың  шығарм.  жолы  елуінші  жылдардың  аяқ  шенінен 
басталады.  1957  ж.  оның  Әліби  Жангелдин  өмірінен  жазған  "Алғашқы  сабақ"  атты  бір  актілі 
драмасы респ. бәйгеде екінші дәрежелі сыйлық алды. Оннан астам бір актілі пьесалары, скечтері 
көркөмөнерпаздар үйірмелері мен мектеп сахналарында, "Біздің ауылда қызықтар бола береді", 
"Өтірік әңгіме" атты комедиялары Торғай, Қарағанды, Атырау обл. театрларында қойылып жүр. 
Н.Гогольдің "Мұрын" повесін, М.Салтыков-Щедриннің "Бір қаланың тарихы" романын, атақты 
серб  сатиригі  Б.Нушичтің  "Менің  өмірбаяным"  (О.Әубәкіровпен  бірігіп  аударған),  болгардың 
классик  сатиригі  Чудомирдің  "Ескерткіш"  деген  атпен  шыққан  әңгімелерін,  түрік  сықақшысы 
Ә.Несиннің әңгімелерін қазақ оқырмандары Д-тың аудармасында оқыды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет