мысқылға, кекесінге құрылған. "Бабасқа", "Түсетайға", "Сапарғалиға" деген өлеңдерінде жеке
адамдардың кескін-кейпін бейнелесе, "Ағайынға", "Туған жер" толғауларында елдің
тыныс-тіршілігін шыншылдықпен суреттейді. Бабас ақынмен айтысы (1923) өткір тілмен,
шындықты бетке айтқан турашылдығымен ерекшеленеді. Д. өз өлеңдерінде ауыз әдебиетінің
шағын жырларын (қоштасу, жоқтау. т.б.) байытуға мол үлес қоса білді.
ДИЮ (парсы - жын, пері) - мифтік кейіпкер. Денелі, күшті, сиқырлы жан иесі түрінде бейнеленеді.
Иесінің (бақсының. т.б.) қалауынша таңғажайып істер істейді-мыс. Д., көбінесе, ертегілердің
кейіпкері түрінде жиі кездеседі. Қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерінде Д. кейде
Дәу деп те
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: