Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет419/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   677
ДОСЖАНОВ  Айтбай  (1873.  Жезқазған  обл.  Ұлытау  ауд,  Қарадыр  а  -1958.  сонда)  -  ақын. 
Зергерлік,  ұсталық  кәсіппен  айналысқан.  Алғашқы  өлеңдері  Жезқазғандағы  "Қызыл  кенші" 
газетінде жарияланды. Кейін осы газетте "Менің жырым", "Жаңа заң" атгы толғаулары, басқа да 
өлең-жырлары жарық көрген. Замандастары Тайжан, Иманжан, Болман ақындармен кездесіп, өнер 
сынасқан. 
 
ДОСЖАН  Дүкенбай  (9.9.1942  ж.т.,  Қызылорда  обл.  Жаңақорған  ауд.  Құланшы  а.)  -  жазушы. 
ҚазҰУ-ды бітірген (1964). 1963 - 66 ж. Алматы обл. "Жетісу" газетінде әдеби қызметкер, 1966 - 75 
ж.  "Жазушы"  баспасында  аға  редактор,  1976  -84  ж.  Қазақстан  Баспа,  полиграфия  және  кітап 
саудасы  істері  жөніндегі  мемл.  к-тінде  бөлім  меңгерушісі  қызметтерін  атқарған.  1984  жылдан 
Қазақстан  Жазушылар  одағында  әдеби  кеңесші.  Алғашқы  өлеңі  15  жасында.  тұңғыш  өлеңдер 
жинағы  1964  ж.  жарық  көрді.  Д.  9  роман,  18  хикаят,  100-ден  аса  әңгімелердің  авторы.  Д-ның 
көркем  шығармалары  мен  зерттеу  еңбектерінің  тақырып  аясы  кең.  "Отырар"  (1965),  "Фараби" 
(1965), "Жібек жолы" (1973) "Жусан мен гүлдер" (1966), "Зауыл" (1970), "Жібек жолы" (1973)", 
"Дария"  (1975),  "Кісі  ақысы"  (1978),  "Табалдырығыңа  табын"  (1980),  "Жолбарыстың 
сүрлеуі"(1984),  "Құмда  қалған  кемелер"  (1986),  "Мұхтар  жолы"  (1988)",  "Абақты"  (1992),  "Алаң" 
(1993),  т.б.  әңгіме,  повесть  жинақтары  жарық  көрді.  Жазушының  1990  ж.  2  томдық  таңдамалы 
шығармалары. 2003 ж. 13 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Д-ның шығармалары шетел 
тілдеріне аударылған. Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атынд. сыйл. (1987). Қазақстан 
Мемл. сыйл. (1996) лауреаты, "Құрмет" орденімен марапатталған(2001). 
 
ДОСҚОЖА  (1801  -  1866)  -  жырау.  Оның  есімі  "Кенесары  қонысынан  ауғанда  Досқожаның 
айтқаны" деген жырымен елге мәлім болған. Жыр ата мекенін тастап ауа көшкен елдің туып өскен 


жерін  қимай  жылап  айрылысқан  қоштасуын  бейнелейді.  Жырда  Сарыарқаның  жасыл  орманы. 
көгілдір таулары, көк үйірім көлдері мен өзендері көркем тілмен суреттеледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет