Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет420/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   677
ДОСМҮРАТҰЛЫ  Балтабек (3.4.  1941 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Қызылқұм ауд. Шардара а.)  - 
жазушы. Алматы медицина ин-тын бітірген (1968). "Сыр жағасы", "Арғын ата ұрпағы", "Замандас 
келбеті",  "Жеті  қарақшының  шөміші",  "Созақ  елі"  атты  деректі  прозалық  кітаптары  мен 
хиссалары, "Асылдың тұяғы" атты трагедиялық драмасы жарық көрген. 
 
ДОСМҮХАМЕДҰЛЫ  Халел  (24.  4.1883.  Атырау  обл.  Қызылқоға  ауд.  Тайсойған  құмы  - 
19.8.1939. Алматы) - Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, фольклортанушы, проф. Жергілікті 
орыс-қазақ  мектебін  (1894),  Орал  әскери-реалдық  уч-щесінің  даярлық  класын  (1902), 
Санкт-Петербургтегі  әскери-мед.  академиясын  бітірген  (1909).  1903  ж.  Санкт-Петербург 
императорлық әскери-мед. академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Д-тің 
студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін 
жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті 
"Фикр"  (Пікір),  "Уральский  листок"  газеттеріне  мақалалар  жазып,  болып  жатқан  саяси 
толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1909 -13 ж. бастап Пермь губерниясында, 
содан  соң  2-Түркістан,  2-Орал  қазақ-орыс  атқыштар  батальонында  әскери  дәрігерлік,  Темір 
уезінде  бөлімшелік  дәрігер  қызметтерін  атқарған.  1913  -  18ж.  "Қазақ"  газетінде  "Тамыр  дәрі 
хақында",  "Сары  кезік  -  сүзек",  "Жұқпалы  ауру  хақында"  сынды  кәсіби.  әлеум.-саяси 
тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірлерін білдіріп тұрды. "Как бороться с чумой 
среди  киргизского  народа"  (1916)  деген  кітабы  өз  кезеңінде  оба  індетіне  қарсы  күрестің 
әдіс-тәсілдерін  түгел  қамтыған  еңбек  болды.  1917  ж.  Ресейдегі  Ақпан  төңкерісінен  кейін  қазақ 
даласында обл., жалпықазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге ат салысты. Сәуір айында 800-ден 
аса  делегаттың  қатысуымен  өткен  Орал  обл.  қазақ  съезінде  Ж.Досмүхамедұлымен  бірге  "Орал 
облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері" атты жергілікті және обл. деңгейдегі 
басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бір ауыздан дауыс берді. 
Ақпан және Қазан төңкерістерінен кейін саяси күреске араласады. Жанша Досмұхамедұлымен 
бірге  Оралда  Бат.  Қазақстан  "Алашордасын"  құрады.  1918  ж.  наурыз  айында  Кеңес  үкіметінің 
басшысы  В.И.  Ленинмен.  Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссары  И.В.  Сталинмен  бетпе-бет 
келіссөздер жүргізеді. 191-8ж. 18 - 21 мамырда Жымпиты қ-нда өткен Орал өңірі қазақтарының 
4-съезінде  Қазақстанның  бүкіл  батыс  өңіріне  ықпал  етерлік  ұлттық-территориялық  құрылым  - 
"Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін" жариялауға қатысты. Осы кезеңде Алашорданың атты әскерін 
ұйымдастырып, Самарадағы Комуч    үкіметінен кару-жарақ алуға, Ұлтгық банк ашуға, баспахана, 
"Еркін қазақ"  газетін  шығаруға  көп  еңбек  сіңірді. 1920  - 21ж. Ташкенттегі Физикалық  әдіспен 
емдеу  ин-тында  мектеп  дәрігері,  Орта  Азия  (Түркістан)  ун-ті  мед.  ф-тінің  хирургиялық 
емханасында ординатор, 1922 - 24 ж. Түркістан Денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының 
мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің  меңгерушісі болды. 1923 ж. Орта Азия мемл. баспа 
коллегиясының, Қазақ мемл. баспасы Шығыс бөлімінің мүшесі, 1925 жылдан Шығыс бөлімінің 
меңгерушісі, 1926 ж. Қазақ мемл. баспасы басқармасының мүшесі және меңгерушінің орынбасары 
қызметтерін  атқарған.  Қазақ  халқының  тілі  мен  әдебиетіне,  тарихына  қатысты  материалдар 
жинақтап,  тілдің  дыбыс  жүйесінің  өзекті  мәселесі  сингармонизм  заңын,  "Қазақ-қырғыз 
тілдеріндегі  сингармонизм  заңын  зерттеген,  "Қазақ-қырғыз  тілдеріндегі  сингармонизм  заңы" 
(1924),  "Шернияз  шешен"  (1925),  "Алаш  не  сөз",  "Бұқардағы  Көгілташ  медресесін  салу  туралы 
әпсана"  (1927),  "Тіллә-Қары  мен  Ширдар"  медреселерін  салғызған  Жалаңтөс  батыр  шежіресі" 
(1928), "Диуани лұғат ат-түрік",  "Кенесарының соңғы  күндері", "Қазақ әдебиетінің тарихы", т.б. 
ғыл.-теориялық еңбектер жазып қалдырған. "Мұрат ақын сөзі" (1924), "Исатай - Махамбет" (1925), 
"Аламан"  (1926)  жинақгарын  шығарды.  Ол  проф.  Поливановпен  бірге  "Сұлтан  Кенесары 
тарихына  қосымша  материал"  кітапшасына  (1923)  және  "Қыз  Жібек  (1923),  "Кенесары  - 
Наурызбай" (1923) кітаптарына редакторлық еткен. Д. "Сана" журналының 1924 жылғы №2 - 3 
санында  "Аруақтармен  айтысу"  атты  ауыз  әдебиетінің  кездесетін  үлгісін  жариялайды.  кейін 
айтыстың осы бір ең ежелгі түрінің шығу тегі генезисі хақында өз болжамын білдіреді. 1927 ж. 


Қазақ  пед.  у-тін  (қазіргі  ҚазҰПУ)  үйымдастыру  жөніндегі  комиссияның  төрағасы  болып 
тағайындалған.  1928ж.  Қазақ  мемл.ун-тінің  әкімш.-ш.бөлімін  басқарған.  1929  ж.  осы  ун-ттің 
проф-ы  болып  бекітілген  және  Қазақ  пед.  ин-тының  проректорлығына  тағайындалған.  Алайда 
келесі  жылы  Кеңес  үкіметі  ұйымдастырған  қуғын-сүргін  саясаты  кезінде  тұтқындалып  (15 
қыркүйек.  1930).  19-32  ж,  20  сәуірде  ОГПУ  үштігінің  шешімімен  Воронеж  қ-на  5  жылға  жер 
аударылған.1938ж.  26  шілдеде  жалған  саяси  айыппен  екінші  рет  тұтқынға  алынып,  Мәскеуге, 
кейін Алматыға әкелінген. 1939 ж. 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілген. 
1939 ж. 19 тамызда түрме ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болған. 1958 ж. 11 ақпанда 
ақталған. Қазір туған жері Атырау обл. Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау ун-тіне, 
Алматы және Атырау қ-ларындағы көшелерге Д. есімі берілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет