Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет501/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   677
ЕСЕНЖАНОВ  Хамза Ихсанұлы (25.12.1908. Бат. Қазақстан обл. Ақжайық ауд. - 5.12.1974. 
Алматы)  -  жазушы.  Алматы  зоотехникалық-малдәрігерлік  техникумын  (1928).  ҚазҰПУ-ды 
(1933).  Санкт-Петербургтегі  мемл.  өнертану  ин-тының  аспирантурасын  (1936)  бітірген. 
Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  жауапты  хатшысы  (1932  -  33).  КСРО  ҒА-ның 
Қазақ  филиалында  бөлім  меңгерушісі  (1936-  37).  1937  жылдан  Қазақ  мемл. 
филармониясының,  кейін  Қазақ  опера  және  балет  театрының  директоры  қызметтерін 
атқарған.  "Өлеңтінің  жағасында",  "Қызыл  құмақ",  "Күшке  -  күш"  әңгімелері  мен  "Жер 
шарында"  пьесалары  жарық  көрген.  1938  ж.  жалған  саяси  айып  тағылған.  20  жыл 
қуғын-сүргіннен  кейін,  1956  жылдан  шығарм-пен  айналысқан.  Жазушының  "Ақ  Жайық" 
трилогиясы (1-кіт.. 1957. 2-кіт.. 1959. 3-кіт., 1965), "Көп жыл өткен соң" (1963), "Ағайынды 
Жүнісовтер" (1970) романдары, 6 томдық шығармалар жинағы (1978 - 81) жарық көрген. "Ақ 
Жайық"  романы  орыс  тіліне  аударылған  (1964.  1969.  1973).  Е.  орыс  ақын,  жазушылары 
М.Шолоховтың "Тынық Дон" романының 1-. 4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің "Рудин",  И.П. 
Шуховтың  "Өшпенділік"  романдарын.  А.С.  Пушкиннің  "Дубровский"  повесін,  т.б. 
шығармаларды қазақ тіліне аударған. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1967). Еңбек Қызыл 
Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталған.   
 
ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ Ханбибі (30. 6.1949 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд.) - жазушы. 
Қазақстанның  еңб.  сің.  қызметкері  (1998).  Сарыағаш  аудандық  орта  мектебінде  мұғалім. 
Сарыағаш аудандық "Қызыл Ту" газетінде қызметкер (1971 - 76). 1976 - 80 ж. обл. телерадио 
к-тінде редактор. 1980 - 87 ж. халық шығарм-ғы обл. орталығында бас маман. 1987 - 92 ж. 
обл. "Қайырымдылық" қорының төрайымы. обл. "Қазақ тілі" қоғамының төрайымы. 1992 - 93 
ж.  обл.  мәдениет  басқармасының  бастығы  қызметтерін  атқарған.  1994  жылдан  бері 
Ш.Қалдаяқов  атынд.  обл.  филармонияның  директоры.  "Қанат  қақты",  "Бұлтсыз  аспан", 
"Жұлдызым",  "Жангүлім",  "Жан  айқайы",  "Махаббат  мәңгілік",  "Жыр  кітабы",  "Сыр  кітабы", 
"Шындыққа  қарай  жүздім  мен"  прозалық  кітаптардың  авторы.  Тәуелсіздіктің  10  жылдығына 
арналған мерекелік медальмен марапатталған (2001).   
 
ЕСЕНСАРЫ Құнанбайұлы (1890. бұрынғы Семей обл. Аягөз ауд. Таңсық а. - 1961, сонда) - 
ақын. Сәдір ақыннан тәлім-тәрбие алып, он үш жасынан өлең шығарған, халық ауыз әдебиеті 
үлгілері  мен  Абай,  Әріп,  Әсет  ақындардың  шығармаларын  жаттап  алып,  ел  ішіне  таратқан. 
Бірнеше жыл Ә.Найманбаевтың қасына еріп, оның ақындық, әншілік мектебінен өтеді. 1939 
ж. халық ақындарының респ. слетіне қатысып, жыр алыбы Жамбылмен сөз қағыстырады. 1945 
ж.  белгілі  халық  ақыны  Сапарғали  Әлімбетовпенайтысқатүседі.  Оның  Гүлбаһрам  -  Сәбит", 
"Қазақ қызы", "Тобағұл батыр", "Бөдес батыр", "Ғаббасұлы Сабыржан", "Мәлік батыр" (Кеңес 
Одағының Батыры  М.Ғабдуллинге арналған) дастандары және "Жеке дара ана" хикаясының 


авторы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет