Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет541/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   677
ЖАНБОЛАТОВ  Сұлтан  Рамазанұлы  (1.1.1936  ж.т.,  ҚХР,  ШҰАР,  Тарбағатай  аймағы, 
Шағантоғай  ауд. Қаракемер а.) - жазушы, ғалым. Мемл. және қоғам қайраткері. Шыңжаң  ун-тін 
(1956), Жилин (Гирин) ун-тін (1961) бітірген. 1961 - 83 ж. Шыңжаң ун-тінде оқытушы, кафедра 
меңгерушісі, 1983 - 86 ж. ректордың орынбасары, 1986 - 96 ж. ШҰАР оқу-ағарту к-ті төрағасының 
орынбасары  қызметтерін  атқарған.  1993  жылдан  ШҰАР-дағы  ғыл.  орталықтар  мен  қоғамдық 
одақгардың мүшесі әрі жетекшісі. Ж-тың физика, электроника, тіл гылымы, әдебиет, т.б. салалар 
бойынша 100-ге жуық мақалалары мен еңбектері жарық көрген. "Елжау күнби" екі томдық тарихи 
романы 1996 ж. ШҰАР-да "үздік шығарма"сыйл. алған. 
 
ЖАНБОТА  Досан  (Жалаулы)  (10.5.1935  ж.т.,  Алматы  обл.  Райымбек  ауд.  Жалаулы  а.)  - 
жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1964). Алғашқы өлеңдері обл. "Коммунизм нұры" (қазіргі "Жетісу), 
респ.  "Қазақстан  пионері"  (қазіргі  "Ұлан")  газеттерінде  "Мәдениет  және  тұрмыс"  (қазіргі 
"Парасат")  журналында  жарияланған.  1965  -  68  ж.  Қазақ  КСР  телевизия  және  радиохабарын 
тарату жөніндегі мемл. к-тінің телестудиясында әдеби қызметкер, 1968 - 75 ж. қазақрадиосының 
"Шалқар"  редакциясында  бөлім  меңгерушісі,  1975  -  86  ж.  "Жалын"  әдеби  альманағының  бөлім 
меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1986-96 ж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында редактор 
болып еңбек еткен. "Жер жылуы" повестер жинағы, "Дүниедегі ең ұзақ жол" романы, "Тастар сыр 
шерткенде" повесі, " Шыңдағы шынарлар" (Даулы ағаларым-ай) деректі әңгімелері, "Дала оттары" 
повесі жарық көрген.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет