қатар "Сөз мәйегі" (1998) көркем-публицистик. кітабы. "Әкпе", "Жекпе-жек" дастандары жарық
көрген. К.Бобошконың "Аңыздан ғажап ақиқат" ғыл.-танымдық кітабын, орыс ақыны
А.Вознесенскийдің "Ор" поэмасын, неміс ақыны Б.Брехтың лирикаларын қазақ тіліне аударған.
Жас ақындардың респ. бәйгесінің бас жүлдегері (1966).
ЖАНКІСІ Басыбайұлы (1772. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Қарағандысай бойы - 1849. Сыр бойы) -
ақын, би. Кейбір аңыз-әңгімелерде Ж-нің шын аты - Жанқиса және ол Қоқан хандығы
әскерлерімен қақтығыста қайтыс болған делінеді. Жанқисаның жанама аты Ж. екенін
Е.Бекмаханов та көрсеткен. Ж. шығармаларының көпшілігі сақталмаған. "Мақпал - Сегіз"
дастанының үзіндісі. "Қоқан ханына айтқаны", "Қожыққа айтқаны" толғаулары ғана жеткен. Ж-нің
"Қоқан ханына айтқаны" толғауы "Ай, заман-ай, заман-ай" жинағына енген және осы толғауы
1830 ж. орыс тіліне аударылып, "Песня о временах владычества коканцев" деген атпен "Образцы
киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания. переложенных в русские
стихи" жинағында жарық көрген (1885. Орынб..). Кейбір шығармалары Әдебиет және өнер
ин-тының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы тұр.
Достарыңызбен бөлісу: