Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет538/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   677
"ЖАМИҒат-ТАУАРИХ-Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың шығармасы. Жазбаның бас 
жағы Борис Годунов патшаға мадақ, орта тұсы Ралшд әд-Дин шежіресінің ықшам баяны, аяғы 
Орыс  хан  мен  Оразмұхаммед  аралығындағы  оқиғаларды  қамтыған  Шыңғыс  ұрпақтарының 
тарихы. Қадырғали Жалайыри шежіресі Рашид әд-Дин жазбасының көшірмесі емес. Көлемі 
шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба. Шығарма 1602 ж. Ресейде жазылған, екі 
бөлімнен тұрады. Бірінші негізгі бөлімінде Рашид-әд-Диннің көпке белгілі "Жамиғ ат-тауарих" 
кітабының қысқартылған нұсқасы түрік тілінде берілген Алтын Орда, Қырым, Астрахан және 
Қазақ  хандықтары  тарихынан  қысқаша  баяндаулар  келтірілген.  "Ж.  ат-т-тың"  екі  нүсқасы 
белгілі. Оның бірін Н.И. Березин 1825 ж. Қазанун-тінің қызметкері Ибрагим Халфиннен алып, 
1854  ж.  Қазанда  бастырған.  Бас-аяғы  толық  емес.  Бұл  басылыммен  Ш.Уәлиханов,  көптеген 
татар,  қазақ  ғалымдары  таныс  болған.  Ал  1922  ж.  Қазан  молдасы  Г.Галеевтің  Орт.  шығ. 
кітапханасына  мұраға  қалдырған  кітаптарының  ішінен  "Ж.  ат-т-тың"  екінші  толығырақ 
нұсқасы табылды, шығарманың жазылған мерзімі жөнінде деректер берілумен қатар, екінші 
бөлімге жататын кейбір толықтырулар бар. Оның ең ақырғы тарауында қазақ тарихының 16 
ғ-дағы  оқиғалары,  қазақ  хандары  мен  сұжандарының  генеологиясы  берілген.  Мыс.,  Қасым 
ханның,  Жәдік  сұлтанның,  Ондан  сұлтанның,  т.б.  балалары  туралы,  басқа  деректемелерде 
айтылмайтын "Жағат маңындағы" ұрыста 37 қазақ сұлтанының қаза болғандығы, Қасым хан 
мен  Жәдік  сұлтан  сүйегінің  жатқан  жері  жөнінде  сөз  болады.  Шығарма  Шығай  ханның 
немересі,  Ондан  сұжанның  баласы  Ораз-Мұхаммедтің  Ресей  қарамағындағы  Касымов 
хандығы тағына отырумен аяқталады. Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989. одан соң 1991. 1997 ж. 
жарық көрген. Кезінде Ш.Уәлиханов "Ж.ат-т-тың" үзінділеріне түсініктеме жазған.   
 
ЖАНАЕВ  Нұрхан  (17.1.1933  ж.т..  Қызылорда обл. Тереңөзек  ауд.)  - ақын. Қызылорда пед. 
ин-тын бітірген. Жаңақорған, Тереңөзек ауд-дарында мектепте мұғалім, обл. радиосында тілші. 
Тереңөзек  ауд.  "Еңбек  майданы"  газетінің  қызметкері,  "Қазақстан  пионері"  (қазіргі  "Ұлан") 
газетінде,  "Мектеп"  баспасында  аға  редактор,  респ.  телевизия  мен  радионың  әдебиет 
редакциясында  редактор.  "Жалын"  баспасында  редактор  қызметтерін  атқарған.  Қазір  респ. 
Халық  шығарм-ғы  үйінде  әдіскер  болып  істеген.  Балалар  мен  үлкендер  тақырыбына  арнап 
жазған он шақты жыр жинағы бар. Ж. орыстың балалар ақыны З.Александрованың, молдаван 
балалар ақыны И.Георгицэнің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 
 


ЖАНАЕВ  Рүстем  (2.5.1944  ж.т.,  Қызылорда  обл.  Қазалы  ауд.)  -  ақын.  ҚазҰПУ-ды  бітірген 
(Ш67). Мектепте мұғалім. партия. кәсіподақ к-ттерінде жауапты қызметтер атқарған. Өлеңдері 
"Жас керуен" ұжымдық жинағына енген. "Мәуелі махаббат", "Бақыт босағасы", "Мезгіл мақамдары" 
жыр жинақтары жарық көрген.   
ЖАНАЕВ  Тәжібай  (20.3.1940  ж.т.,  Атырау  обл.  Қызылқоға  ауд.  Буракөл  а.)  -  жазушы. 
ҚазҰУ-ды бітірген (1965). 1965 - 70 ж. мектепте мұғалім, 1970 - 80 ж. "Қазақстан", "Жалын" 
баспаларында редактор, аға редактор. Әдебиет және өнер ин-нда ғыл. қызметкер болып істеген. 
Фельетондары  1958  жылдан  ("Бураға  мінген  серілер")  жариялана  бастады.  "Үміт  оты"  (1974), 
"Соңғы  жеті  шақырым"  (1976),  "Тобанияз  қыстауы"  (1998),  "Періштелер  жыламайды"  (2001) 
әңгімелері мен повестері басылып шыққан. РАкутава, К.Паустовский. В.Катаев, Аленьдо, Сантос, 
Витаутес  Римчикавючис,  Уильям  Санди  және  т.б.  шет  ел  жазушыларының  әңгімелері  мен 
Н.Вороновтың  "Пілге  үйір  бала"  (1982)  повестері  мен  әңгімелері.  А.Кешковтың  "Сынғантаға" 
романы (1987), "Қазақстан халықтарының ертегілері" (1996), т.б. кітаптарды қазақ тіліне аударған. 
   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   534   535   536   537   538   539   540   541   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет