Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет546/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   677
ЖАНСАЕВА Майра Дінмұхаметқызы (1909. Петропавл қ., -1978) - ақын. 1915 - 1978 ж. ауыл 
молдасынан мұсылманша оқып, хат таныған. 1934 жылдан Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасында 
редактор болып қызмет еткен. Алғашқы топтамасы 1949 ж. "Жастар дауысы" респ. жас ақындардың 
жинағында  жарияланған.  "Ана  жүрегіне"  (1951)  жеке  өлеңдер  жинағы  жарық  көрген.  Ж.  татар 
жазушысы  Г.Башировтың  "Намыс"  романын  (1952),  т.б.  татар  жазушыларының  шығармаларын 
қазақ тіліне аударып, "Татар әңгімелері" (1954) деген атпен жеке кітап болып басылған. 
 
ЖАНСҮГІРОВ Ілияс (14.5.1894. Алматы обл. Ақсу ауд. - 1938) - ақын. Алғашында өз әкесінен, 
ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш а-нда жәдитше бастауыш мектепте оқыған. Ташкенттегі 
екі жылдық мұғалімдік курсты (1919). Мәскеудегі Журналистика ин-тын (1928) бітірген. Өз а-нда 
мектепте мұғалім. "Тілші" газетінде қызмет атқарған. 1922 - 25 ж. Верныйдағы (қазіргі Алматы) 
Қазақ ағарту ин-тының меңгерушісі. 1928 - 32 ж. "Еңбекші қазақ" газетіне қызметкер. 1932 - 34 ж. 
Жазушылар  одағының  ұйымдастыру  комиссиясының  төрағасы,  1934  -  37  ж.  Қазақ  саяси 
баспасының  редакторы..  Қазақ  АКСР  ОАК-нің  мүшесі  қызметтерін  (1933  -  36)атқарған.  1937ж. 
жалған  саяси  айыппен  тұтқындалып,  1938  ж.  ату  жазасына  кесілген.  Ж-тің  "Балдырған", 
"Қызыл  жалау"  атты өлең дәптерлері 1957 ж. Ұлтгық кітапханадан табылды. Ақынның  алғашқы 
өлеңдері  "Сарыарқаға",  "Тілек"  өлеңдері  1917  ж.  Семейде  шығып  тұрған  "Сарыарқа"  газетінде 
жарияланған. 1923 ж. "Сана" журналында. одан кейін "Тілші", "Ақжол", "Кедей еркі" газеттерінде 
жарияланып тұрған. 1927 ж. "Беташар" атты шағын жинағы "Әйел теңдігі" журналына қосымша 
ретінде  жарық  көрген,  1928  ж.  "Сағанақ"  атты  тұңғыш  жинағы  басылып  шықты.  "Сөз 
Қамысбаевқа!",  "Құқ",  "Сыйға  сый,  сыраға  бал",  "Жарайсың  Шұлғаубаев!",  "Шалқыбай",  т.б. 
туындылары "Құқ" деген атпен жеке жинақ болып жарық көрген. Ж. прозасының елеулісі - оның 
"Жолдастар"  романы  (1935),  "Кек"  (1931),  "Түрксіб",  "Исатай  -  Махамбет"  (1936).  т.б. 
пьесаларын жазған. Ж.  15-тен  аса поэма  жазған.  "Дала"  (1930),  "Бүгінгі  дала"(1928),  Гималай" 
(1929).  "Рүстем  қырғыны"  (1926),  "Байкал"  (1937),  аяқталмаған  "Мақпал",  "Исатай",  "Көбік 
шашқан" поэмалары бар. Ол 1929 ж. "Күй", 1934 ж, "Күйші", 1936 "Құлагер" поэмаларын жазды. Ж. 
халықтың  бай  фольклорын  жинауға,  оның  озық  үлгілерін  халық  игілігіне  айналдыруға,  кітап 
болып  шығуына  үлес  қосқан.  "Балаларға  тарту"  (1926),  "Байшұбар"(1923),  "Малта",  "Шәркей" 
(1929), "Жұмбақ" (1930), "Өтірік" (1930) өлеңдер жинағын жазған. Ж. 1958 ж. ақталды. Орыс 
қаламгерлері  А.С.  Пушкиннің  көптеген  өлеңдерін,  "Евгений  Онегин"  романын  (1937), 
М.Лермонтовтың  "Ақынның  өлімі",  "Тұтқын",  "Қанжар",  Н.Некрасовтың  "Темір  жол", 


М.Горькийдің  "Дауылпаз",  неміс  ақыны  Гейне  мен  француз  жазушысы  Гюгоның,  татар  ақыны 
Ғ.Тоқайдың,  тәжік  ақыны  К.Лахутидің  классик.  шығармаларын  қазақ  тіліне  аударған.  Елімізде 
бірнеше мектеп, көше, аудандарға, Талдықорған қ-ндағы Жетісу мемл. ун-тіне Ж. есімі берілген. 
Сол  қалада  ақынның  өмірі  мен  шығарм.-ғына  арналған  әдеби-мемориалдық  мұражайы  жұмыс 
істейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет