ЖӘМІШБАЙ Бегенұлы (1830. Павлодар обл. Баянауыл ауд. Жанболды а. - ө.ж.б. Торайғыр
қыстауы, Мұсайын а.) - әнші, ақын. Әкесі Ж-ды Едіге би а-ндағы медресеге берген. Ж. Сегіз
серінің тәрбиесін көріп, батасын алған шәкірттерінің бірі. 1855 ж. Керей жайлауында Сегіз
серіге ас берілгенде, Сегіз серіге арнап жоқтау, "Сегіз сері баһадүр" дастанын шығарған. Ж-дың
"Ер Құлжабай", "Шотана сардар", "Боранбай батыр", "Дәстем сал", "Асқап Баһадүр". т.б. тарихи
дастандары сақталған. Ж-дың Шөжемен, Кемпірбаймен айтыстары 1965 ж. жарық көрген " Айтыс"
жинағының 1-томына енген.