Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет577/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   573   574   575   576   577   578   579   580   ...   677
ЖӘРКЕНОВ  Қабыш  Баймұрынұлы  (15.9.1933.  Шығ.  Түркістан  -22.8.1997.  Алматы)  -  жазушы. 


Шығ.  Түркістан  пед.  уч-щесін.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1963).  1955  ж.  Қазақстанға  қоныс  аударған. 
Ауыл мектебінде мұғалім болған. Ауд.. обл. газет-журналдарда өлеңдері, әңгімелері жарияланып 
тұрған.  Ж.  әңгімелерінің  негізгі  арқауы  -  балалардың  өмірі  мен  тәрбиесі.  "Мінезді  аға", 
"Айналайын", "Көңіліңді жаз". т.б. кітаптары. "Мұғалімдер" (1999) романы жарық көрген. 
 
ЖЕЗТЫРНАҚ  -  қазақ  фольклорында  кездесетін  мифтік  бейне.  Мұндай  бейнелер  -  Мыстан 
кемпір,  Жалғыз  көзді  дәу,  Жеті  басты жалмауыз, Айдаһар, Таусоғар, Көлтаусар,  Желаяқ.  т.б. 
Жезтырнақ әдетте ертегінің    жағымды кейіпкеріне қарсы оның қас дұшпаны ретінде көрінеді. 
Бірақ  ол  қаншалықты  жауыз,  айлакер  болса  да,  халықтан  шыққан  батырлардан  жеңіліп  қалып 
отырады.  Жағымсыз  бейне  барлық  халықтардың  ертегілерінде  (қырғыз,  ұйғыр  ертегілерінде  - 
жалмауыз,  орыстарда  -  Баба  Яга.  т.б.)  бар.  Қазақ  фольклорында  Жезтырнақ  "Құламерген", 
"Жерден шыққан Желім батыр", "Аламан мен Жоламан" сияқты ертегілерде,    "Алпамыс батыр" 
эпосында, Ж.Жабаевтың "Өтеген батыр" дастанында кездеседі.   
 
ЖЕКСЕМБЕКОВ Артық (1905, Алматы обл. Ескелді ауд. Бесағаш а. -1981, Қараталауд, Бесағаша.) 
-  ақын.  Кең  тараған  қисса-дастандарды.  Жетісу  ақындарының  толғау  жырларын  жаттап,  ел 
арасына  таратқан.  2-дүниежүз.  соғысы  кезінде  өлеңдер  шығарып,  үгіт-концерт  бригадаларында 
болған.  "Зорлыққа  зауал",  "Үш  ойшы"  дастандары  мен  "Отыз  жетінің  оғы",  "Жеңіс-жеңіс, 
жарандар!", "Іріленіп іргені сөктік тағы", "Торы биемен тілдесу" әзіл-оспақтары бар. 
 
ЖЕЛДІРМЕ  -  жыр,  толғау,  терме  сияқты  суырып  салып  айтуға  негізделген. 
музыкалық-эпикалық  дәстүр  аясында  пайда  болған  жанр.  Мақамдық-муз.  құрылымы  жағынан 
терме мен Ж. жанрларының айырмашылығы көп емес. Екеуі де тақпақ сазды мақамға құрылады. 
Осы  тұрғыдан  Ж-ні  терменің  ерекше  көңіл  күймен,  шапшаң  орындалатын  бір  түрі  ретінде 
қабылдауға  да  болады.  Ж.  үлгілері  көп  емес.  Оған  қатысты  пікірлер  И.Байзақовтан  жазылып 
алынған Ж-нің 5 үлгісіне негізделіп жүр. Ж-нің негізгі ерекшелігі - ішкі көтеріңкі көңіл-күй сезімін 
түйдектете,  шұбыртпалы  ұйқасқа  негіздеп,  жылдам  мақаммен  жеткізуінде.  Оның  11  буынды 
өлшемге ғана құрылуы шарт емес. Кейде 7 - 8  буынды жыр өлшеміне де негізделуі мүмкін. Басты 
шарты - желдіртіп, түйдектетіп айту. Поэзиялық арқауы, ішкі мазмұны жағынан Ж-нің термеден 
айырмасы  да  жоқ  емес.  Термеде  бір  құбылыстың  болмыс-бітімі  жан-жақты,  тәптіштеп 
жеткізілсе, Ж-де шаттану, мақтану, марапаттау үстем. Осы сипаты оны қара өлеңге ұқсатса, екінші 
жағынан,  ақыл-кеңес,  ғибрат,  дидактикаға  негізделген  термеден  де  ерекшелейді.  Термеге  тән 
иірімдік  қайырымдар  орнына  "ги-ги-гай",  "ля-ля-ляй",  "а-ри-ри-тай"  деп  келетін  қысқа,  бірақ 
барынша жылдам орындалатын аяқтамалар кездеседі. Мақамдық деңгейдегі толғаныс, әуен-сазды 
қорытындылау мұнда жоқ. Байзақовтың кейбір Ж-лері-нен ән мен термеге тән белгілерді қатар 
кездестіруге болады. "Кім көрді көктің жерге құлағанын, кім көрді Күннің жарық сұрағанын" деп 
келетін Ж-нің басы ән, аяғы терме. Ж-де әнге ұқсас бастама мен қайырма да болады. Мұндағы 
әуен мен өлеңнің асинхрондық байланысы муз. мақамның әріден келе жатқанын байқатады. Ж-нің 
мазмұны  еңбек  тақырыбына  құрылған,  мақамы  ұшқыр,  әуезді,  нағыз  желдіртіп  орындалатын 
түрлері  де  бар. Байзақов Ж-лерінің басым көпшілігі дориялық мақамға құрылған.  Олардың  муз. 
құрылымы  Ж.  мен  термені  жақындастырса,  мазмұны,  көркемдік  жүйесі,  мақсаты  мен  міндеті 
оларды даралауға қызмет етіп тұр. Осы негізде Ж. муз.-эпик. дәстүр тудырған жеке жанр ретінде 
танылған. 
 
"ЖЕЛМАЯ"  - Түркиядағы қазақ жастарының қоғамдық-мәдени және ғыл. журналы. Алғашқы 
саны 1998 ж. 25 қазанда Анкарада жарық көрген. Құрылтайшысы - Шымкент қ-ндағы Қожа Ахмет 
Иасауи атынд. Қазақ-түрік халықар. ун-тінің Өкілетгі кеңесі (төрағасы Намық Кемал Зейбек). 
Журналда тарих, руханият, әдебиет, экономика, әлеум. мәселелер, мәдениет, дүниетаным, өнер, 
ұлттық сана, жастар мәселелері туралы мақалалар жарияланып тұрады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   573   574   575   576   577   578   579   580   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет