ЖӘНӘБІЛ Серік (4.8.1952 ж.т.. Алматы обл. Ақсу ауд. Ойтойған а.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген.
"Қазақстан пионері", Оңт. Қазақстан обл. Келес ауд. "Мақташы" газеттерінде, Леңгір ауд.,
Шымкент қ. кинотеатрларында жауапты қызметтер атқарған. Қазір техникумда оқытушы. 1977 ж.
әңгімесі ұжымдық жинаққа енген. Алғашқы кітабы "Дүрбелең" 1978 ж. жарық көрген.
"ЖӘРДЕМ" - Қазақстандағы тұңғыш ұлттық баспахана. Ағайынды Сұлтан, Салық, Хасан
Нығметуллиндер "Жәрдем (Ярдам) серіктестігі" деген атпен 1912 ж. Семейде ұйымдастырған.
Баспаханадан Т.Жомартбаевтың "Балаларға жеміс" өлеңдер жинағы (1912) мен "Қыз көрелік"
романы (1912), М.Малдыбаевтың "Оқу кітабы" (1912), Ш.Құдайбердіұлының "Ұмытылған",
"Қалқаман-Мамыр" (1912), "Еңлік-Кебек" дастандары, Б.Айтқожаұлының "Шын мақсұттар"
өлеңдер жинағы (1913). орыс ақыны А.С.Пушкиннің "Дубровский" повесінің өлең аудармасы
("Қара сөзбен жазылған Дубровский хикаясы", 1912), "Қазақ шежіресі", "Төте оқу". т.б. кітаптар
жарық көрген. 1917 - 19 ж. "Ж." Алаш зиялыларының ықпалында болып, "Сары Арқа" газеті мен
"Абай" журналын шығарып тұрған.