ЖИЕНБАЕВҚуаныш (3.5. 1952 ж. т., Қызылорда обл. Арал ауд. Бөген а.) - жазушы.
ҚазҰУ-ды бітірген (1976). 1976 - 88 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде тілші,
бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары, 1988 жылдан Алматы обл. "Жетісу"
газетінде бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі" газеттерінде қызмет істеген. Қазір
"Нұр-Астана" газеті бас редакторының орынбасары. Тұңғыш әңгімелер жинағы "Жалғыз
желкен" 1982 ж. жарық көрген. "Ол таңдаған жол" (1984), "Теңіздегі бір тамшы" (1986), "Құлан
жанарындағы ғұмыр" (1988, орыс тілінде 1991), "Қателесесің, қымбаттым..." (2004) атты
повестер мен әңгімелер кітаптары жарық көрген. "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық
бәйгенің бірнеше дүркін жүлдегері. Халықар. "Алаш" әдеби сыйл. лауреаты (1999).