ЖИЕН ЖЫРАУ, Жиен жырау Тағайұлы (18 ғ.) - қара-қалпақ жырауы. Өмірі мен
шығармашылығы туралы деректер өте тапшы. Ж. ж. жырлаған "Қырық қыз" дастанындағы
"Қарақалпақ халқында, мүйтен деген рудан шыққан Жиен жыраудан нұсқа болып бұл дастан,
ел жырлады тынбастан" деген жолдарға қарағанда жыраудың руы - мүйтен. Бұл ру 18 ғ-дың
орта піенінде Сырдарияның төм. ағысы бойын қоныстанған. Қуаңдария мен Жаңадарияның
суы тартылып, құрғақшылық туғанда Ж. ж. елімен бірге Әмудария жағына қоныс аударған. Ж.
ж-дың "Босқан ел" көлемді дастаны, "Бер түйемді", "Ей, жігіттер", "Қош болыңдар, достарым",
т.б. шығармалары белгілі. Ж. ж. есімі қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарына ортақ "Алпамыс
батыр", әсіресе "Қырық қыз" дастанын жырлаушы ретінде жақсы таныс. Бұл дастан Ж. ж-дан
соң оның шәкірттері - Қалмұрат, Шаңқай, Қазақбай, Жиенмұрат, т.б. арқылы бүгінгі заманға
жетті. "Қырық қыз" дастанының Ж. ж. орындаған нұсқасы 1959 ж. қазақ тілінде басылып
шыққан.