ЖИРЕНШИН Әбіш. Әбусағит Мұсылманқұлұлы (1913 - 75) - ғалым, тарих ғыл. канд. (1946),
доцент (1965). Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік ун-тін (1936), Мәскеудегі Әдебиет ин-тын
бітірген (1964). 1938- 42 ж. Қазақстан ғыл. қоғамының председателі, 1942 - 51 ж. ҚР Орт.
мұражайының директоры, 1954 - 59 ж. ҚР мемл. кітапханасының директоры. 1960 -62 ж. респ.
кітап саудасы бірлестігінің басқарушысы. 1962- 75 ж. Қазақгың мемл. қыздар пед. ин-тын-да
қызмет атқарған. Оның "Абай и его русские друзья" (1945), "Абай - қазақ халқының ұлы ойшылы"
(1950), "Абай және орыстың ұлы демократтары" (1959) зерттеулері, "Абай Құнанбаев"
шығармаларының бір томдық толық жинағы (1961), "Казақ кітаптарының тарихынан" (1971)
монографиясы жарық көрген.
Достарыңызбен бөлісу: