ЖҰМАБАЕВ Әбілмәжін (22.3.1929 ж.т., Қызылорда обл. Тереңөзек ауд. Шаған а.) - жазушы,
аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1950). 1949-60 ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен
Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1960 - 63 ж. "Жұлдыз" журналы мен
"Қазақ әдебиеті" редакциясында жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1964 - 71 ж.
Қазақстан ОК-інде жауапты қызмет атқарған. 1971 - 84 ж. "Жазушы" баспасының, 1984 - 89 ж.
Қзақстан кітап палатасының директоры болды. 1971 -97 ж. "Заман-Қазақстан", "Түркістан"
газетгері редакцияларында қызмет еткен. "Алыптың адымы" (1960), "Қарағанды оттары" (1961)
жинақтары. Ә.Нұршайықов, С.Бақбергеновпен бірлесіп жазған "Менің Қазақстаным" (1967) кітабы
жарық көрген. Ж. араб жазушылары хикаяларының жинағын, ағылшын жазушысы М.Ридтің
"Жұмбақ салт атты" (1972), француз жазушысы А.Дюманың "Үш ноян" (1979), орыс
жазушылары К.Паустовский "Түнделеткен күйме"(1982), А.Гриннің "Алқызыл желкендер" (1976).
романдарын, В.Распутиннің "Өрт", "Матерамен қоштасу" (1989) повестерін, Гумилевтің "Хұндар"
(1998), "Көне түріктер" (1994) және "Қиял патшалығын іздеу" (1992) атты Ұлы дала көшпелілері
жөніндегі кітаптарын (П.Бейсеновтермен бірге). т.б. көптеген шет ел қаламгерлерінің
шығармаларын қазақ тіліне аударған.Ә. орыс жазушыларының түз тұрғындары өміріне
бағышталған көркем әңгімелерін жинақтап "Қазақтар" (1997) деген атпен қазақ тілінде тұңғыш рет
шығарды. Ж. "Құрмет белгісі" (1981) орденімен, "Еңбекте үздік шыққаны үшін" медалімен
марапатталған.