Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет611/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   607   608   609   610   611   612   613   614   ...   677
ЖҰМАБАЕВ Жүніс (1914 ж.т., Қызылорда обл. Тереңөзек ауд. - 1971. сонда) - ақын. Ж. өлеңді 
ауызша  да,  жазып  та  шығарған.  1963  ж.  Қызылорда  қ-нда  өткен  ақындардың  обл.  айтысына 
қатысқан.  "Туған  жер",  "Анама",  "Көктем",  "Қарақұм  суреттері",  "Қарға  мен  сауысқан"  өлеңдері 
"Пернедегі термелер" (1965) жинағында жарияланған.   
 
ЖҰМАБАЕВ  Мағжан  (Әбілмағжан)  Бекенұлы  (25.6.1893.  Солт.  Қазақстан  обл.  қазіргі 
М.Жұмабаев ауд. Сасықкөл жағасы - 19.3.1938. Алматы) - ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. 
Ж. ауыл молдасынан дәріс алып, 1905 - 10 ж. Қызылжардағы (Петропавл) медреседе оқыған. 1910 
- 13 ж. Уфа қ-ндағы "Ғалия" медресесінде білім алған. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс 
алып,  сол  кісінің  көмегімен  Қазан  қ-ндағы  Кәрімовтер  баспаха-нан  "Шолпан"  тұнғыш  өлеңдер 
жинағы  1912  ж.  жарық  көреді.  "Садақ"  журналын  шығаруға  қатысып,  оған  өз  өлеңдерін 
жариялайды. 1913 - 16 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқиды. "Бірлік" ұйымы жұмысына 
араласып,  "Балапан"  қолжазба  журналын  шығарысады.  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов секілді қайраткерлермен кездесіп, "Қазақ" газетіне өлеңдерін жариялайды. 1918 - 19 
ж.  Петропавл  уездік  земство  басқармасында,  1919-23  ж.  Ақмола  губ-лық  "Бостандық  туы" 
газетінде, "Шолпан", "Сана"  журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеген. Сол кезеңде 
"Батыр  Баян"  поэмасын жазып, жарыққа  шығарады.  1923  -  27  ж.  Мәскеуде  Жоғары  әдебиет 
көркемөнер ин-тында оқиды. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға 
ұшырады. 1924 ж. қарашада Мәскеу қ-ндағы Шығыс еңбекшілері коммунистік ун-тінде қазақ 
жастарының  жерлестік  ұйымында  жиналыс  өтіп,  олар  Ж-тың  1922  ж.  Қазанда,  1923  ж. 
Ташкентте  басылып  шыққан  жыр  жинақтарын  талқыға  салады.  Онда  ақын  шығармаларын 
теріске  шығаратын  қаулы  қабылданды.  Бұл  қаулы  "Еңбекші  қазақ"  газетінің  1925  ж.  14 
ақпандағы санында басылды. 1927 - 29 ж. Бурабайда, сосын Қызылжарда оқьггушылық қьвмет 
атқарады.  1929  ж.  Ж.  "Алқа"  атты  жасырын  ұйым  құрғаны  үшін  деген  айыптаулармен 
Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып 10 жыл айдау-ға кесіледі. 1936 ж. М.Горький  мен 
Е.Пешкованың  араласуымен  бостандық  алып,  Қазақстанға  оралып,  Петропавл  қ-ндағы 
мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1937 ж. наурызда Ж. Алматыға келіп, аударма 
ісімен  айналысады.  1938  ж.  қайтадан  қамауға  алынып,  ату  жазасына  кесіледі.  Ж-тың 
"Алыстағы бауырыма" өлеңін Мұстафа Шоқай "Яш Түркістан" журналында жариялай отырып, 
оны  түрікшілдік  күресі  үшін  ең  пайдалы  өлең  деп  бағалады.  Ж.  -  философ  ақын.  Ақын 
"Қорқыт" поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып - өмірмен өлім мәселесін Қорқытпен 
ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте, көркемдік 
зор қуатпен жырлай білді ("Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Өтірік ертегі", 
"Шын ер-тегі"). Ақын шығарм-ғының үлкен бір арнасы - халыққа білім беру, педагогика саласы. 
Мектеп оқушьшарына, мұғалімдерге арнап "Педагогика"  (1922, 1923), "Бастауыш мектепте ана 
тілін оқыту жөні" (1925) еңбектерін жариялады. Ж. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев 
туралы  зерттеу  үлгілерін жинауға жәрдемдесті.  Ол орыс ақын-жазушылары И.Гете,  Г.Гейне, 
Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок 
өлеңдерін,  А.М.  Горький,  В.В.  Иванов,  Д.Н.  Мамин-Сибиряк,  т.б.  әңгімелерін  қазақ  тіліне 
аударған.  Ж.  "Шолпанның  күнәсі"  әңгімесі  арқылы  қазақ  әдебиетіне  психол.  талдау,  сана 
ағымы  әдістерін  енгізді.  Ж.  1960  ж.  Ақгалған  соң,  Түркияда  ақын  кітаптары  жарық  көре 
бастады. Қазақстанда Ж. шығармалары 1989 ж. ғана қайтадан жариялана бастады. Алматы 
және Петропавл қ-ларында көшелерге Ж. есімі берілді. Петропавл қ-нда және ақынның туған 
ауылында  ескерткіш  қойылған.  Солт.  Қазақстан  обл-ның  бұрынғы  Булаев  ауд.  М.Жұмабаев 
ауд. болып аталды (2000). 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   607   608   609   610   611   612   613   614   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет