ЖҰМАБАЙБіләлұлы (1940 ж.т.. ҚХР, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауд.) - Қытай қазақтары
арасынан шыққан жазушы. Шыңжаң ун-тін бітірген (1962). Қытайдағы 20 ғ-дың 60 -
70-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зардабын тартып, 10 жыл айдауда болған. 1979 ж.
ақталған. Шәуешек қ-нда шығатын "Тарбағатай" журналында әдеби редактор, бас редактордың
орынбасары қызметтерін атқарған. "Жондағы жорықтар", "Дала торғайлары", "Кіндіктестер",
"Кешкен күндер", "Қоңыр таудың күңгірі", "Ата дәулеті", "Ақселеу" роман, әңгіме-повесть
жинақтары жарық көрген. Екі мәрте Қытай мемл. әдеби сыйл. иегері (1982.1990).