Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет620/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   677
ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш (24.4.19-36 ж.т., ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек 
ауд.)  -  жазушы.  Қазақстанның  халық  жазушысы  (1998).  Шәуешек  гимназиясын  бітіріп, 
жолдамамен ҚазҰУ-га (1956) түседі. 1958 ж. Қытай үкіметі органдары Ж-ті кері шақырып алады. 
Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң. 
ҚазҰУ-ды бітіреді (1965). "Қазақ әдебиеті" газетінде (1965 - 67), "Жазушы" баспасында (1967- 76), 
Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінде (1976- 81) 
қызмет істеген. 1981 жылдан шығарм. жұмыста, Ж-тің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті 
баспасөз  беттерінде,  ал  "Жамал"  тырнақалды  әңгімесі  19-56  ж.  Үрімжіде  шығатын  "Шұғыла" 


журналында  жарияланған.  Ж-тің  бір өлеңдер жинағы. сегіз роман, бес повесть. ондаған  әңгіме, 
мақалалар жинақтары жарық көрген. Олардың  негізгілері  "Қаздар қайтып барады" (1967) атты 
әңгімелер жинағы.  "Көкейкесті"  (1969),  "Соңғы  көш"  (1974  -  81.),  "Атамекен"  (1985),  "Тағдыр" 
(1988.) романдары, "Соңғы көш" (1-кіт. 1974; 2-кіт. 1981) және "Дарабоз" (1-кіт. 1994; 2-кіт. 1996) 
дилогиялары,  Ж-тің  соңғы  жылдардағы  көлемді  шығармасы  -  "Таңғажайып  дүние"  (1998) 
ғүмырнамалық,  "Қылкөпір"  (2003)  романдары,  Жазушының  публицистикалық  мақалалары 
"Қалың елім, қазағым" (2000) жинағында жарияланды. Ж. шығармалары орыс, украин, белорусь, 
өзбек,  ұйғыр,  қырғыз  тілдерінде,  "Соңғы  көш"  романы  түрік  тілінде  басылып  шыққан.  Негізгі 
еңбектері 2003 - 2004 ж. "Он екі томдық" шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, 
Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Жазушылар одағы сыйл. 
(1983). Қазақстанның Мемл. сыйл. (1990)иегері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет