қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды, өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың
жауаптасулары
барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ
үлгілерінде (аты-жөні белгісіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, "Ұлбике мен Күдері
қожа айтысы", т.б.) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше
алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана. Қыз бен
жігіт қайымдасуларының енді бір тобында ("Қыз Болық пен Елентай айтысы", "Есенбике мен
Жылқышы айтысы", "Ақдама мен Асан айтысы", "Айқын қыз бен Жарылқасын қожа айтысы",
"Жүсіпбек қожа мен Шөкей қыз айтысы", т.б.) айтыстың тоқтамды түйіні жұмбақ
шешімдеріне келіп тіреледі. Мұнда жұмбақты қыз жағы бастап, жігіт шешуімен шектеледі де,
ақыры қыздың дәстүрлі жол беруімен (жүзік, сақина, түйме, орамал - бір тоғыз) аяқталады.
Жұмбақ арқылы айтысу ақындар айтысында кемелденіп, өзінің шырқау шыңына жеткен.
Бұлардың бірсыпырасы ("Рахметжан мен Ыбырайдың айтысы", т.б.) ғылым-білім, өнердің
пайдасын паш етсе, енді бір тобы ("Нұржан мен Сапарғалидың айтысы", "Тұрмағамбет пен
Шәдінің жұмбақ айтысы", т.б.) деректі заттар мен өмірді, өмірдегі жаңалықтарды жұмбақ етеді.
Достарыңызбен бөлісу: