бөлім меңгерушісі (1964 - 68), КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры. Қазақстан
Жазушылар одағының хатшысы (1988 - 92) қызметтерін атқарған. 1992 жылдан шығарм.
жұмыста, "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "3аманай" атты көркем фильмі
түсірілді. Ж-тің "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қызым,
саған айтам" (1973), "Қос анар" (1974), "Әр үйдің еркесі" (1975), "Қысылғаннан қыз болдық"
(1976), "Кроссворд" (1981), "Елім-ай", "Сабалақ Абылай", "Сәукеле", т.б. пьесалары респ. және
обл. театрлар сахналарында қойылған. Ж. - әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған
жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Л.Толстойдың, П.Федоровтың,
В.Кочетовтың, С.Цвейгтің шығармаларын, О.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын
т.б. қазақ тіліне аударған. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақстан
Мемл. сыйл. иегері(1986).
Достарыңызбен бөлісу: