ИМАНБАЗАР Қазанғапұлы (1868. Шығ. Қазақстан обл. Жарма ауд. Белтерек а. - 1943. сонда) -
ақын. Абай шәкіртгерінің бірі. Абай ауылымен көршілес Қызылмолда болысында туып өскен.
Әкесі Қазанғап Қынашұлы мұсылманша, орысша сауатты, елге сыйлы адам болған. Туған
ауылында медресе ашып, бала оқытқан. И.ауыл молдасынан хаттанып, Семей қалалық бес
сыныптық уч-щесін бітірген. Осында Мағауия Абайұлымен танысып, жақын достасады. Ұзақ
жылдар Абайдың ақын шәкірттерімен шығарм. байланыста болған. Ел басқаруға ерте
араласып, Қызылмола болыстық халық соты болып қызмет істеген. Тұнғыш өлеңдері баспасөзде
1888ж. жарияланған. И. Абайға еліктеп лирикалық өлеңдер, эпиграммалар жазған. Ұстазының
өтінішімен шығыс тақырыбына "Әнибал" (1909), "Алтын сақина" (1911) дастандарын жазған.
"Әнибал" 1909 ж. Қазандағы ағайынды Каримовтар баспаханасынан "Қисса-и Әнибал" деген
атаен жеке кітап болып шыққан.