ИМАНӘЛИЕВ Бауыржан Оразкеұлы (4.2.1954 ж.т.. Алматы обл. Каскелең ауд. Жетісу а.) -
баспагер, кітап безендіруші, баспа және полиграфия қайраткері (2004). Алматы энергетика
ин-тын (1982), Прага қ-ндағы (Чехословакия) Баспа ісі курсын (1993) бітірген. 1982 - 88 ж.
"Главриссовхозстрой" тресінде бөлім меңгерушісі, комсомол к-ті хатшыс,. 1988 - 90 ж.
"Медеуқұрылыс" басқармасында бас механик-энергетик. кәсіподақ к-тінің төрағасы. 1990 - 92
ж. "Васинкрафт" бірлескен кеңес-швейцария кәсіпорнында аймақтық директор қызметтерін
атқарған. 1993 жылдан "БАУР" баспасының директоры, 2000 жылдан "Аруна" баспасы
директорының орынбасары. Халықар. және отандық кітап көрмелерінің жүлдегері.