ИМАНӘЛИЕВ Оспанәлі (21.12. 1927. Жамбыл обл. Талас ауд. Ойық а. - 4.7.1997. Тараз қ.) -
ақын, сатирик, жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1963). Жамбыл зоотех.-малдәрігерлік
техникумын бітірген (1948). Зоотехник, Талас ауд. комсомол к-тінің бірінші хатшысы, ауд. а.
ш. бөлімінің меңгерушісі, 1963- 91ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан")
газеті мен "Ара" журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. И-тің "Тұңғыш кітап"
(1963), "Отан ұлы" (1964), "Тайға міндім" (1965), "Қызыл жалау" 1967), "Сәуір" (1971), "Май -
Мамыр" (1975), атты өлеңдер жинағы, "Бұйрықпен сыйлық" (1966), "Безбүйрек" (1968),
"Соқырішек" (1973), "Сыңар кебіс" (1977), "Егіз бүйрек" (1977), "Жабық конверт" (1983)
сатиралық жинақтары, "Байқадам" (1980) повесі, "Жаннат жер" (1981) таңдамалысы,
"Ылғалсыз көктем" (1980), "Аққайың жарды бүршігін" (1995) кітаптары жарық көрген.
Крьшовтың мысалдарын қазақ тіліне аударған.