Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет675/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   677
ИСКӘНДЕРОВ  Изим  (1906.  Алматы  обл.  Ұйғыр  ауд.  Ават  а.  -1970)  -  ақын,  аудармашы. 
Мектепте  мұғалім,  баспасөз  органдарында,  Қазақстан  Жазушылар  одағында  қызмет  істеген. 
Ақынның жеті жинағы және "Ұйғыр қызы", "Хан тәңірі", Гудок" поэмалары жарық көрген. Татар 
ақыны Ғ.Тоқай, қазақ ақыны Т.Жароков, т.б. ақындар шығармаларын ұйғыр тіліне аударған. "Қазақ 
КСР-інің еңб. сің. мұғалімі" атағы берілген. 
 
"ИСЛАМНАМЕ"  -  өлең  түрінде  жазылған  тарихи  шежіре.  Авторы  -  ұйғыр  ақыны  Молла 
Мұхаммед  Абд  әл-Әлім  бен  Ахун  Арзу  Мұхаммед.  Шығарма  18  ғ-дың  2-жартысында  шағатай 
тілінде  жазылған.  Автор  шығарманы  діни  қауымдастық  жетекшісі  Аппақ  Қожаның  ұрпақтарын 
мадақтауға арнаған. Шығарма Шығыс Түркістан мен Жоңғар хандығының тарихын зерттеуде құнды 
дерек  көзі  болып  табылады.  Автор  өзі  баяндаған  бірқатар  оқиғалардың  куәсі  болған.  "И-де" 
жоңғарлардың  қазақгармен  арадағы  соғысы,  қытай  әскерлерімен  шайқасы  туралы  мағлұматтар 
берілген. "И-нің" екі нұсқасы бар. Олар Ресей ҒА-ның Санкт-Петербургтегі Шығыстану ин-тында 
сақтаулы. "И-нің" жеке үзінділері "Материалы по истории казахских ханств XV - XVIII (А.-А.. 1969) 
атты жинақта жарияланған.   
 
ИСМАГИЛОВ Қазбек Хамитұлы (1.1.1934 ж.т., Башқортостан, Қарамалы с.) - жазушы. Свердловск 
қ-ндағы Таукен ин-тын бітірген (1957). Төрт жылдай Орал мен Донбаста шахтада жұмыс істеген. 
1961 жылдан Тәжікстанда. Қазақстанның көптеген обл. орт-тарында СЭС салуға қатысқан. 1980 - 83 
ж. Алматыдағы құрылыстарда. Үлкен Алматы каналында жұмыс істеген. Алғашқы туындылары 


"Ара-Шмель" журналында жарияланған.   
 
ИСМАИЛОВ  Ораз  (24.6.1940  ж.т..  Алматы  обл.  Ескелді  ауд.  Шұбар  а.)  -  жазушы,  драматург. 
КазҰУ-ды бітірген (1967). 1967 - 70 ж. Талдықорған телерадио басқармасында, 1970 - 2004 ж ауд. 
"Жетісу  шұғыласы"  газеті  редакторының  орынбасары,  респ.  Телерадио  к-тінің  бұрынғы 
Талдықорған обл-ндағы тілшісі, 2004 жылдан Қазақгуманит. Заң ун-тінде ректордың кеңесшісі және 
айрықша  тапсырмалар  жөнін-дегі  көмекшісі  қызметтерін  атқарған.  "Наркескен",  "Жетісуым  - 
жаннатым менің", "Тарланбоз", "Ел жүрегіндегі Ескелді би", "Бақтыбайдың балалық шағы" драмалық 
туындылардың авторы. 
 
ИСМАИЛОВ  Рабик  Изимұлы  (2.9.1934  ж.т.,  Алматы  обл.  Шелек  ауд.)  -  ғалым,    жазушы. 
Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тін бітірген (1960). 1960- 63 ж. "Мектеп" баспасында корректор, 
редактор болған. 1992- 97 ж. респ. ұйғыр мәдениет қоғамын басқарған. Казір ұйғыр мектептерінің 
мәселелері жөніндегі үйлестіру орт-ның төрағасы. "Ұйғыр әдебиетін үйренудің кейбір мәселелері" 
(1966),  "Іздену  жолында"  (1976),  "Ұйғыр  пьесалары"  (1985),  "Заман  және  қаһарман"  (1987), 
"Уйгурская  драматургия  от  "Анархана"  до..."  монографиялардың,  2  жинақтың,  200-ден  астам 
мақалалардың,  очерктердің,  9  және  11-сыныпқа  арналған  "Ұйғыр  әдебиетінің"  авторы.  Тарих. 
география, педагогика, философия, экономика саласындағы оқулықтарды ұйғыр тіліне аударған. 
Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет