Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет98/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   677
 
АҢЫЗ - фольклорлық проза жанры. Онда тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи 
жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. 
Тарихи  тұлғалар  қатысқан  тарихи  оқиғалардың  баяндалуы,  оқиға  өткен  уақыт  шегі,  жер 
атауының нақтылы көрсетілуі, белгілі дәрежедегі аймақтық шектелушілік (негізінен, белгілі 
бір  өңірде  өмір  сүрген  адамдар,  болған  оқиғалар  туралы  аңыздар  көбірек  таралады), 
сюжетгік-композициялық  шарттылықтың  сақтала  бермеуі  -  А-дың  жанр  ретіндегі 
ерекшеліктері. Заман алға озып, ел жадында тарихи тұлға көмескі тартып, тарихи оқиға елеске 
айнала бастағанда, әуелдегі реалистік әңгіме халықтың көркемдік қисын тезіне түсіп, өзгеріске 
ұшырап,  А.  ретінде  айтылатын  болған.  А-дар  шартты  түрде,  тақырыптық  сипатына  қарай, 
тарихи  А  -дар    және    топономикалық  А-дар  болып  жіктеледі.  Қазақ  арасына  көп  тараған 
Абылай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Олжабай,  Райымбеқ  Сұраншы,  Кенесары,  Исатай,  т.б.  көрнекті 
тұлғалар  туралы  А-дар  бірінші  топқа  жатса,  екінші  топқа  нақтылы  қоныстардың  тарихын 
баяндап,  оның  қай  кезде,  қалай  аталуының  сырын  ашатын  А-дар  кіреді.  Қазақ  А-дарына 
алғаш назар аударған Ш.Уәлиханов пен Г.Потанин еді. А. дербес жанр ретінде М.Әуезовтің 
еңбектерінде ғана қарастырыла бастады. Ол А-ға: "тарихта болған адамдар жайында айтылған, 
халық  шығарған  көркем  әңгіме",  -  деген  анықгама  берді.  М.Ғабдуллин  осы  пікірді  қуаттай 
отырып, аңызды "аңыз әңгіме" деп атады да, оның жанрлық ерекшеліктерін айқындай түсті. 
А-дың жан-жақты зерттелуі С.Қасқабасовтың халық прозасына арнаған еңбекгерінде жүзеге 
асты. 
 


АПОЛОГ (грек. apologos - баяндау, мысалдау) - ғақлияға, ғибрат айтуға құрылатын шағын 
көлемді,  астарлы  әңгіме.  Өлең  түрінде  де  жиі  ұшырасады.  Зерттеушілердің  айтуына 
қарағанда, А. Шығыста пайда болып, мысал жанрының қалыптасуына ықпалын тигізген үлгі. 
19  ғ-ға  дейін  аполог  және  мысал  атаулары  синонимдер  ретінде  қатар  қолданылатын  болған. 
Айқын  аңғарылатын  аллегориялық  сипат,  сатиралық  пафос,  аң-құстың  адамға  тән 
мінез-қылықпен  суреттелді.  А-тың  негізгі  ерекшеліктері.  Хайуанаттар  туралы  қазақ 
ертегілерінің де бір парасын А-тар санатына жатқызуға болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет