Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет99/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   677
"Aппақ  батыр"  -  ғашықтық  дастан.  Халық ақыны Ж.Жантөбетов  ел  аузынан жазып  алған. 
Дастан махаббат тақырыбын жырлауға арналған. Хан қызы Күнхан мен Зүбарша деген жігіт 
арасындағы бір біріне деген махаббат сезімдері туралы оқиғаға құрылып, бұған кедергі жасамақ 
болған  қыз  әкесі  Қадырша  хан  мен  қарауындағы  адамдардың  қара  ниет  әрекеттерін 
әшкерелеген  Аппақ  батырдың  ерлік  істері  мен  екі  жасқа  бостандық  әперген  адамгершілігі 
жырға арқау болған. Шығарма еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы толық күйінде Орт. ғыл. 
кітапхана қорында сақтаулы. Дастанның екінші бір нұсқасы, "Зеберше мен Гүлханыс қиссасы" 
деп  аталады.  Қолжазбада  -  "Аппақ  хан".  Бұл  жыр  1942  ж.  Шымкент  обл-ндағы  Бегімен 
Мұратбекұлы деген жыршыдан жазылып алынған. Жыр оқиғасы “Aппақ батыр”  дастанымен 
ұқсас  болғанымен  мұнда  Аппақ  Үрім  патшасы  болып,  Күнхан  қыз  Гүлханыс  деп 
өзгертілген.  Екі  жас  азапты  күндерді  бастан  кешіріп,  қантөгіс  соғыс  арқылы  бақыттарына 
жетеді.  Дастанның  тағы  бір  нүсқасы  Түлханыс  -  Зеберше"  деп  аталғанымен  қолжазбада 
"Аппақ патша" деп жазылған. Бүл жырды ел аузынан ақын, әнші Б.Бектұрғанов жазып алған. 
Жыр мазмұны алдыңғы нұсқалармен ұқсас. Кісі аттары мен көріністерде ғана айырмашылық 
бар. Бұл нұсқа да толық күйінде Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. 
 
"АРА"  -  сатиралық  журнал.  1959  жылдың  наурызынан  айына  бір  рет,  0.75  баспа  табақ 
көлемімен  шыға  бастады.  Алғашқы  шығарушылары  -  Ғ.Мүсірепов,  А.Тоқмағамбетов, 
Қ.Жармағамбетов.  "А".  қоғам  өміріндегі  кемшіліктерді,  шаруашылық  салаларындағы 
қырсыздықтар  мен  жауапсыздықтарды,  адам  бойындағы  жағымсыз  қылықтарды  батыл 
әшкереледі. 1995 жылдан бастап журнал АЗ қалыптағы 4 беттік газет болып шығып тұрды. 1998 
ж. шығуын тоқтатты. 2003 ж. қайта шыға бастады.   
 
"АРАЙ"  -  жастарға  арналған  республикалық  қоғамдық-саяси,  әдеби-көркем  журнал.  1987 
жылдың сәуір  айынан  Алматыда  айына  бір  рет  қазақ  тілінде  шыға бастады.  Көлемі  -  4  б.т. 
Орысша  нұсқасы  "3аря"  деп  аталды."А."  журналы  қазақ  жастарының  арасында  беделді 
басылымға айналып, 1989 - 91 жылдар аралығында таралымы 300 мың данаға жетті. 1992 - 94 
ж.  журнал  қаржы  тапшылығына  ұшырап,  таралымы  күрт  азайды.  1995  жылдан  шығуын 
тоқтатты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет