Н.УӘЛИҰЛЫ
Фразеология және тілдік норма
Алматы
1
Н.У
ӘЛИҰЛЫ
Фразеология және тілдік норма. Алматы, Республикалық баспа
кабинеті, 1998., 128 бет. ISBN 5-8380-1612-4
Оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл кітапта қазақ тіліндегі
тұрақты сөз орамдарының тілдік табиғаты, ұлттық мәдени мазмұны,
стильдік ерекшеліктері әдеби тіл нормасы тұрғысынан қарастырылады.
Кітап жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, жоғары мектептің
окытушыларына, ғылыми қызметкерлер мен аспиранттарға, сондай-ақ сөз
мәдениеті мәселелеріне ден қойған оқырман қауымға арналған.
Пікір жазғандар:
Ә.Жүнісбеков,
филология ғылымдарының докторы,
профессор;
Б.Құлмағамбетова,
филология ғылымдарының кандидаты
Баспаға Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым
академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтыныңҒалымдар
кеңесі ұсынған.
ІSВN 5-8380-1612-4
© Н.У
ӘЛИҰЛЫ
© Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің оқулық және әдістемелік әдебиеттер жөніндегі
Республикалық баспа кабинеті, 1998.
2
АЛҒЫ СӨЗ
Тұрақты сөз орамдары немесе фразеологизмдер тілдің
құрылымдық жүйесіндегі аса күрделі тілдік бірлік ретінде
лингвистикалық зерттеулерде жан-жақты қарастырылып келеді.
Көптеген зерттеуде тұрақты сөз орамдарының әсіресе жеке сөздермен
салыстырғанда, бейнелі, экспрессивті-эмоционалды қасиетке ие
екеніне алдымен мән берілді. Фразеологизмдердің көбіне-көп көркем
шығарма тілінде көріктеуіш құрал ретінде жиірек жұмсалуы да
олардың осы қасиетіне байланысты болса керек.
Тұрақты сөз орамдары әдетте сөйлеу кезінде жасалмайтын,
«даяр» күйде қолданылатын, тұлғасы(формасы) жағынан сөз тіркесі
немесе сөйлемге, мазмұн жағынан дара сөзге ұқсас тиянақты тілдік
бірліктердің қатарына жатады. Сондай-ақ олар фразеологиялық
мағынасынан басқа мәдени ұлттық мазмұнға, өзге тілдік бірліктерге
қарағанда, аса бай болады. Мағыналық әрі тұлғалық құрылым-
құрылысы тұрақты, даяр күйде болуына қарамастан
фразеологизмдердің сөзсаптамада (высказывание) әр түрлі
семантикалық, тұлғалық жақтан өзгеріске ұшырап, жаңғырып
отыруының себебі неде? Дайын үлгіні жазушы қаламы неге
«бұзады»? Даяр үлгіні неге бастан-аяқ дайын күйде қолдана
бермейді? Тұрақты сөз орамдарын құбылта жұмсаудың көркем тіл
кестесіндегі бедері қандай? Егер тұрақты сөз орамдарының өздеріне
тән дәстүрлі, қалыптасқан нормалары болатынын мойындасақ, әр
түрлі өзгертулер мен құбылтулар, жаңғыртулар жөнімен болып
жатқан, көркемдік мәні бар тәсілдер ме? Тілдік нормадан жөнімен
ауытқуды жөнсіз ауытқудан қалай ажыратамыз? Назарларыңызға
ұсынып отырған бұл кітапта, міне, осындай біраз сұраудың жауабын
іздеуге тырыстық.
Алдымен фразеологизмдердің негізгі ерекшеліктеріне, тілдік
табиғатына, олардың мағыналық құрылымы, тұлғалық құрылысына
тән өзіндік нормалары болатынына қысқаша тоқталуға тура келді.
Сондай-ақ тұрақты сөз орамдарының кітаби, сөйлеу тілі,
қарапайым сөйлеу тілі тәрізді типтеріне, функционалдық-стильдік
түрлеріне, олардың көркем тіл кестесіндегі эстетикалық қызметіне
талдау жасауға көңіл бөлінді.
Теңдесі жоқ ұлы суреткерлер Абай, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б.
сөз зергерлерінің көркем шығармаларынан мысалдар ала отырып,
суреткер қаламының фразеологизмдерді қалай түрлендіретініне,
халық тілі сөз байлығын, оның ішінде фразеологизмдерді,
шығармашылық жолмен игерудің барысында пайда болатын
семантикалық өзгерістер мен эмоционалды-экспрессивті реңктерге
талдау жасай келе, бұл құбылыстың жаңа бір көркемдік тәсіл ретінде
қалыптасып, эстетикалық қызмет атқаратынына назар аудардық.
3
Фразеологизмдердің тілдік табиғаты аса күрделі:
фразеологизмдер жеке сөзге де, сөз тіркесіне де, сөйлемге де
ұқсайды, сонымен бірге олардың ешбіріне ұқсамайтын қасиеттерімен
де ерекше болып тұрады. Фразеологиялық мағына фразеологизмнің
құрамына енетін сөздердің дербес мағынасынан туындамайды.
Сондықтан олардың мағынасы «фразеологиялық шартты»,
«фразеологиялық байлаулы» мағына деп аталады. Көптеген
фразеологизмдердің неге бұлай аталатыны, яғни уәждемесі
(мотивациясы) жоқ. Осы айтылғандар фразеологиялық норманың аса
күрделі екенін байқатады. Фразеологиялық нормадан жөнсіз
ауытқудың түрлері әсіресе олардың мағыналық құрылымын,
тұлғалық құрамын, стильдік мағынасын, функционалдық-стильдік,
эмоционалдық, экспрессивті-эмоционалдық реңктерін бұзып
қолдануға байланысты жиі кездеседі. Мұндай жағымсыз
құбылыстарды нақты мысалдар арқылы талдап, олардың түр-түрін
айқындау, нормадан ауытқудың себептерін, сөздің коммуникативтік,
эстетикалық сапасына тигізетін кері әсерін көрсете отырып
талдаудың тіл мәдениеті үшін күресте мәні ерекше. Осымен
байланысты тігісі теріс материалдардың ойдан шығарылмағандығын
байқату үшін мысалдарды қай автордан, қандай басылымдардан
алғанымызды көрсетуге тура келеді. Мысалдар негізінен 70-80
жылдары жарық көрген басылымдардан алынды басылымдар сол
кездегі атымен көрсетілді («Лениншіл жас», «Жұлдыз»,
«Социалистік Қазақстан» т.б.).
70-80 жылдары көркем әдеби үрдісте көріктеудің жаңа бір
тілдік құралдары мен стильдік тәсілдері көркем нормаға айнала
бастады. Мұның өзі алдымен әдеби тілдің осы кездегі
функционалдық-стильдік тармақтарының, әр стильдің өзіндік
бедерінің саралана түсуімен байланысты. Алдымен сөйлеу тілі мен
кітаби тілдің ара-жігі бұрынғыдан гөрі тереңдей беруі, әр стильдің
өзіне тән тілдік ресурстары молайып, функционалдық-стилдік
реңктері айқындала түсуі барысында функционалдық реңктегі тілдік
элементтерді эстетикалық қызметке жетудің мүмкіндігі арта түсті.
Міне, осы құбылысты тілдік норма мен фразеология аясында
қарастыра отырып, осы үрдістің ұлттық көркемдік нормаға айналуын
сөз еттік.
4
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тілдің кұрылым жүйесінде фразеологизмдердің алатын орны
ерекше. Бірақ фразеологиялық бірлікті (единицаны) танып-білуде
зерттеушілер арасында бірауызды пікір жоқ. Сондықтан да мағынаға
ие тілдік бірлік ретінде фразеологизмдер түрлі сөздіктерде әрқилы
беріліп жүр. Зерттеулерде я болмаса лексикографиялық еңбектерде
тұрақты сөздердің белгілі бір типтері фразеологиялық бірлікке
жатқызылса, қайсы бірі мүлде басқа құбылыс деп танылады.
Дегенмен зерттеушілер фразеологизмдерді ұқсас өзге де
құбылыстардан ажыратудың ондаған белгісін ұсынды. Бірақ
солардың ішінде негізгілері атап айтқанда мыналар: фразеологиялық
единицаның мағына тұтастығы (семантическая слитность), тіркес
тиянақтылығы
(устойчивость),
қолдану тиянақтылығы
(воспроизводимость).
Осы негізгі белгілеріне сүйене отырып, фразеологизмге
мынадай анықтама беруге болады: кұрылым – құрылысы тұрақты әрі
тиянақты, сыңарлары біртұтас мағынаны білдіретін және дара
тұлғаланатын, сондай-ақ тұтас күйінде өзге де сөздермен тіркеске
түсе алатын, форма жағынан синтаксистік единица (сөз тіркесі,
сөйлем), мазмұн жағынан лексикалық единица (сөз) түріндегі тілдің
мағыналық бірлігін фразеологизм деп атаймыз.
Фразеологизмдердің құрамы мен құрылысы тұрақты болып
келеді. Мысалы, жерден жеті қоян тапқандай деген фразеологизмнің
сыңарларын басқа сөзбен ауыстырып, орманнан жеті қоян тапқандай
деуге болмайды. Сондай-ақ тіркес арасына сыналап сөз ендіру
фразеологизмдердің құрылым жүйесіне тән нормасын бұзады.
Фразеологизмдердің бұл қасиеті жеке сөздерге тән ерекшеліктерді
еске түсіреді, олай дейтініміз сөздер де морфологиялық құрылысы
жағынан тұрақты болып, араларына өзге морфемаларды енгізбей
тұрады. Мысалы, егіншілік деген сөз төрт түрлі морфемадан құралған
(ег-ін-ші-лік). Олардың арасына өзге морфеманы сыналап кіргізу
мүмкін емес.
Фразеологизмдерге тән тағы бір қасиет, жоғарыда айтылғандай,
дамыған күйде қолданылатындығы (тиянақтылығы). Бұл жағынан да
фразеологизмдердің қасиеті жеке сөздерге ұқсас. Өйткені тіл
қолданысымызда жеке сөздер «дайын» күйде ұшырасады. Мысалы,
егіншілік, өнеркәсіп сөздерін сөйлеуші сөйлеу актісінде ег-ін-ші-лік,
өнер-кәсіп деп «жаңадан» құрастырып жатпайды. Фразеологиялық
бірліктер де осы тәрізді. Мысалы, қарын шашы алынбаған «әлі жас;
қиындық көрмеген» деген фразеологизм сөйлеу актісінде
5
жасалмайды. Тілдегі дайын күйінде сөз (речь) материалына
айналады.
Фразеологиялық бірліктің құрамына енген сөздер метафоралық
қолданысқа түсетіндіктен де актуализацияланады да, бір тұтас
мағынаға ие болады. Мысалы,
қол ұшын берді
деген
фразеологизмдердің сыңарлары да актуализацияланып, біртұтас
мағынаны білдіріп тұр, яғни «көмектесті» деген фразеологиялық
мағына қол,ұшы, бер деген жеке сөздердің лексикалық мағыналарынан
туындап тұрған жоқ. Бұл жағынан да фразеологизмдер жеке
сөздердің қасиетіне ұқсас. Сөйлеуші не тыңдаушы егіншілік, өнеркәсіп
деген сөздерді түрлі морфемалардың мағынасына мүшелеп
жатпайды, мағыналық бір бүтін ретінде ұғынады. Алайда
фразеологизмдердің семантикалық тұтастыққа ие болуы, яғни
идиомалану дәрежесі олардың барлығында бірдей болмайды. Кейбір
фразеологизмдердің семантикалық тұтастығы өте жоғары болса, енді
бірінің идиомалануы бәсең, тіпті нөлдік деңгейде болуы ықтимал.
Мұның өзі фразеологизмдерді семантикалық тұтастығына қарай
бірнеше топқа бөліп қарастыруды қажет етеді.
Қазақ тілінде бір алуан фразеологизмдердің идиомалану
дәрежесі өте жоғары. Мысалы: кағанағы қарқ, сағанағы сарқ; жауырды
жаба тоқу; кежегесі кейін тартты; көсегесі көгерген; апы кіріп, күпі
шықты; алтынмен аптап, күміспен күптеп т.б. Фразеологизмдер
өздерінің мағына тұтастығы жағынан жеке сөздердің төлеуі
(эквиваленті) бола аларлықтай дәрежеде. Мұндай типтегі
фразеологизмдердің ішкі формасы (фоны, мотивациясы) тасаланған,
яғни қазіргі тұрғыдан алғанда тіркестің «неге бұлай айтылатындығы»
сөйлеушіге белгісіз. Фразеологизмдердің ішкі формасынын
тасалануы көп жағдайда олардың лексикалық кұрамында
архаизмдерге айналған сөздердің (морфемалардың) жүруіне де
байланысты. Құрамында бірде-бір архаизм кездеспейтін, бірақ фоны
тасаланған фразеологизмдер де көп ұшырайды. Мысалы, балапан
басына, тұрымтай тұсына; он екімүше, он екіде бір гүлі ашылмаған;
қара қылды қақ жарған, төрт көзі түгел т.б. Бұл типтес
фразеологизмдердің құрамында бірде-бір көне элемент
кездеспегенімен, уәждемесі (мотивациясы) қазіргі тіл тұтынушыға
мүлде белгісіз. Ішкі формасы тасаланған, мағына тұтастығы жағынан
жеке сөздердің төлеуі бола алатын фразеологизмдердін семантикалық
типі фразеологиялық түйдек деп аталады.
Фразеологизмдердің қазіргі қазақ тілінде аса мол кездесетін әрі
жиі қолданылатын ерекше өнімді типі бар. Бұл топтағы
фразеологизмдердің ішкі формасы (фоны, мотиві) анық, басқаша
айтқанда "неге бұлай айтылатындығы" айқын болып тұрады.
Фразеологизмдердің бұл типі көбіне метафора, теңеу т.б. фигуралар
6
негізінде жасалады: санын соқты «өкінді», қол ұшын берді
«көмектесті» көзді ашып-жұмғанша «жылдам, тез», соқырға таяқ
ұстатқандай «анық». Бұл тәрізді фразеологизмдердің ішкі формасы
айқын. Шындық өмірдегі іс-әрекеттің қайталамасы тәрізді. Сондай-ақ
бұл топқа жататын бірсыпыра фразеологизмнің ішкі формасының
ақиқат өмірде аналогиясы(фоны) болмауы ықтимал. Мысалы, қой
аузынан шөп алмас «жуас», қырық қазанның құлағын тістеген
«қыдырымпаз», жұмыртқадан жүн қырыққан «сараң» тәрізді
фразеологизмдердің ақиқат өмірде аналогиясы жоқ (қойдың
аузындағы шөпті ешкім барып жұлып алмайды, қазанның құлағын
ешкім тістемейді, жұмыртқада жүн болмайды т.б.). Бірақ бұл
фразеологизмдер метафора арқылы жасалған. Ішкі формасы
сақталған, метафора құрылған, мағына тұтастығы жағынан жеке
сөздердің эквиваленті бола алатындай тұрақты сөз тіркестерінің
семантикалық типі фразеологиялық шоғыр деп аталады.
Кейбір фразеологизмдердің құрамындағы сыңарлардың бірі
тіркестегі сөзге телімелі болса, енді бірі өзге сөздермен еркін
байланысқа түсе береді. Мысалы: асқар тау, шалқар көл, сүмбіл шаш,
сәске түс, ит көйлек, бесін ауа, ақ таңдақ, ала көлеңке, ала құйын, күдері
жал, кедері бел, көктеп тігу, тірнектеп жинау,кұрмеп байлау, үш салар
текемет, бір қайнатым шай, қозы көш жер, бие сауым уақыт, тас
қараңғы, жеті түн т.б. Мұндай фразеологизмдердің идиомалану
дәрежесі жарым-жартылай ғана деуге болады. Өйткені бұл топтағы
тіркестің тиянақ болатын сыңарлары (тау, бел, көл, шаш т.б.) өзге
сөздермен еркін байланысқа түсе береді. Мысалы: қыпша бел -
жіңішіке бел, нәзік бел; асқар тау - биік тау, үлкен тау т.б. Тұрақты
тіркес сыңарларының өзара байланысы тең дәрежеде емес, сыңаржақ
сипатта болады, өйткені қыпша, асқар, үш салар деген сыңарлар тек
бел, тау, текемет тәрізді тірек сөздермен, үйреншікті сөздермен
тұрақты байланысқа түседі. Тұрақты тіркестің жарым-жартылай
идиомаланған түрін немесе мағына тұтастығы жағынан жеке сөздерге
7
эквивалент бола алмайтын типі фразеологиялық тіркестер
1
деп
аталады.
Тұрақты сөз тіркестерінің фразеологиялық түйдек,
фразеологиялық шоқыр, фразеологиялық тіркес деп аталатын
семантикалық түрлерінен басқа фразеологиялық тізбек
2
деп аталатын
ерекше типі бар. Фразеологиялық тізбектердің де семантикалық
құрылымы мен лексикалық құрамы әрі тұрақты, әрі тиянақты (дайын)
болып келеді. Бұл жағынан фразеологиялық тізбектің өзге
семантикалық типтерден – фразеологиялық түйдек, фразеологиялық
шоғыр, фразеологиялық тіркестерден еш айырмасы жоқ. Бірақ
тізбектің лексикалық құрамындағы сөздер еркін тіркес түрінде
байланысады да идиомалану дәрежесі бәсең (нольге тең) болады.
Фразеологиялық тізбектер өз ішінде қоммуникативті сипаттағы
тізбектер (проф. К.Ахановтың терминологиясы мен айтқанда
фразеологиялық сөйлемшелер) және номинатив сипаттағы тізбектер
болып, екі салаға бөлінеді. Коммуникатив сипаттағы тізбектерге
негізінен мақал-мәтел түріндегі сөз орамдары жатады: шегірткеден
қорықкан егін екпес; түсі игіден түңілме; жылтырағанның бәрі алтын
емес; мың шешенді бір мылжың жеңеді; аузымен орақ орғанның белі
ауырмайды т.б.
Номинатив сипаттағы тізбектерге ата мекен,
3
темір жол, дауыс
беру, қол көтеру, соғыс өртін тұтандырушылар т.б. сөз орамдары
жатады.
1Сырт карағанда, ақ жаулық ("әйел" деген мағынада) фразеологиялық тіркеске өте ұқсас. Бірақ бұл
тәрізді тіркестер фразеологиялық шоғырға жатады. Өйткені, біріншіден, "ақ" және "жаулық" сынары өзге
сөздермен еркін байланысқа түсе береді (ақ орамал, ақ көйлек, қызыл жаулық, жаулық орамал т.б.),
екіншіден, екі сыңары семантикалық бір тұтас мағынаны білдіреді, басқаша айтқанда, жеке сөздің (әйел)
эквиваленті болып жұмсалады, үшіншіден, тіркестің тірек сыңары болмайды. Фразеологиялық тіркестің
өзгелерден тағы бір ерекшелігі - олардың синонидерге тірек сыңар үнемі қайталанып отырады: қыпша
бел - жіңішке бел, үш салар текемет - үлкен текемет, тас қараңғы - қою қараңғы. Сондай-ақ кейбір
зерттеулерде су ми, көк ми, су жүрек тәрізділер фразеологиялық тіркеске иллюстрациялық материал
ретінде беріліп жүр. Бірақ, біздің пайымдауымызша, бұлар фразеологиялық түйдекке жатады. Өйткені,
біріншіден, ішкі формасы тасаланған (неге су миі, көктің миға катысы қанша?; неге су жүрегі),
екіншіден, тіркес сынарлары идиомалану дәрежесі фразеологиялық тіркестердегідей біржақты емес,
сондықтан жеке сөздерге эквивалент бола алады: су жүрек - қорқақ, су ми, көк ми - ақылсыз.
2Кейбір зерттеушілер, фразеологизмдерді тар мағынасында түсінушілер, фразеололиялық единицаға тек
фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық шоғырды ғана жатқызады. Ал зерттеушілердің біразы, тіпті
басым көпшілігі (қазақ тіл білімінде) деуге болады, фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық
шоғырға қоса, бұл екеуі көп жағдайда идиомалық тіркестер деп аталады, фразеологиялык тіркесті де
фразеологиялық единица деп таниды. Мысалы, акад. І.Кенесбаевтың "Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігінде"(Алматы, 1977) негізінен фразеологизмдердің осы аталған үш типі берілген.
Фразеологизмдерді кең мағынасында түсінушілер осы аталған үш типке қоса, фразеологиялық
тізбсктерді де (мақал, мәтел, комбинатив атаулар. Күрделі терминдер) фразеология құбылысына
жатқызады.
8
Сонымен, тілдің фразеология саласы – өте күрделі құбылыс.
Сондықтан ол әр аспектіде, әр қырынан зерттеуді қажет етеді. Тілдік
бірлік ретінде фразеологизмдердің семантикалық құрылымы,
лексикалық құрамы, лексика-грамматикалық
ерекшеліктері,
қолданылу тұрғысынан экспрессиялық-стилистикалық реңктері,
диахрония тұрғысынан шығу тегі, жасалу жолдары т.б. мәселелер өз
алдына жеке-жеке зерттеу объектілері болатындығы даусыз. Сонымен
қатар фразеологиялық норма, фразеологизмдердің көркем
шығармалардағы қолдану ерекшеліктеріне назар аудару жазушы
шығармашылығындағы ізденістерді дұрыс түсінуге, объективті түрде
бағалауға мүмкіндік береді. Бірақ фразеологизмдердің көркем
әдебиеттегі жұмсалуын сөз еткенде, олардың жоғарыда аталған
семантикалық структуралық типтерінің барлығын емес, алдымен
экспрессиялы-образды реңктері бар, поэтикалық сипаттағы түрлеріне
назар аудару тиімдірек болуға тиіс екендігін зерттеушілердің
мынадай пікірінен де аңғарамыз: «Образность и экспрессивность -
черты художественной речи, они редко отмечаются в деловой и
бытовой речи, а фразеологические сочетания представлены во всех
стилях. В целях изучения творчества писателей, сказителей
индивидуатьных особенностен стиля исследователь может
ограничить себя образной фразеологией, так же как и образной
лексикой или экспрессивными синтаксическими средствами, но в
ңелях ичучения обшеязыковых фактов образность и экспрессивность
как черты вторичные, мало эффективны»
4
.
Көркем әдебиет тілінде образдылығы айқын, экспрессиялық-
эмоциялық реңкі қанық фразеологиялық сөз орамдары жиі кездеседі.
Әсіресе түрлі заттар мен құбылыстарды, сезімді дәл, нәзік
бейнелейтін сөз айшықтарының (речевые фигуры) алуан түрін
фразеологиялық сөз орамдарынан ұшыратуға болады. Мысалы:
гипербола - қыл өтпестей; ине шаншар жер жоқ; түймедейді түйедей
етті, литота - түйедейді түймедей етті, синекдоха - ауыздыға жол,
аяқтыға сөз бермеді, оксиморон,- жаңбыр жаумай мойнына су кетті;
Ақпанда ақ жауын тіледі, күн ашықта басына бұлт үйіріледі; Жіпсіз
байланды, ілгері басқан қадамы кері кетті, плеоназм - ауыздан-ауызға
3ата жау, ата мекен тәрізді тіркестер өзара өте ұқсас. Кейбір зерттеулерде бұларды да
фразеологизмдердің семантикалық бір тобына жатқызады. Шындығында, бұлар әр түрлі семантикалык
топқа жатады. Мысалы, ата жаудың синонимі - ежелгі жау, тіркестің тірек сыңары - жау. Жарым-
жартылай \ идиомаланғандықтан, бұл орамды фразеологиялық тіркеске жаткызамыз. Ал ата мекеннің
синонимі - туған жер. Тіркестің тірек сыңары жоқ, екі сыңары бірдей идиомаланған, сондықтан бұл орам
фразеологиялық шоғырға жатады деп түсінеміз.
4Когыленко М . М . , Попова З.Д. Очерки по обшей фразеологии. Воронеж, 1972, 15-б.
9
тарады; Ақыр-аяғы, кетпен-таяғы, синоним - жуып-шайып отыр,
айналасы аман, төңірегі түгел; антоним - ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс; Не өліде, не тіріде жоқ т.б.каламбур - жақсы ашушаң болмас,
ашушаң жақсы болмас; асыл би, асыл болмас, би асыл асыл болмас т.б.
Көркем тіл кестесіндегі фразеологизмдердің құрамы да әр алуан
болып келеді. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды көркем «сөз
шеберлерінің бір ғана шығармасы, я болмаса бір ғана әңгімесінің
өзінен шығу тегі жағынан жалпыхалықтық (диалект, қарапайым сөз,
сөйлеу тілі, әдеби тілге қатысты) фразеологизмдердің түр-түрін
кездестіруге болады. Сондай-ақ жазушы тілінің лексика-
фразеологиялық арсеналы өзіне дейінгі сөз зергерлерінің тұрақты
тіркес түріндегі қолтума қолданыстарымен, аударма
фразеологизмдермен байи түседі. Сөйтіп, шығарма тілі өзінің
лексика-фразеологиялық құрамының әр алуандығымен де оқырманды
өзіне баурап отырады. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Атақты әнші
Майра»әңгімесінен жалпы халыктық тілдегі фразеологизмді де,
белгілі авторға тән қолтума үлгілерді де, аударма фразеологизмдерді
де ұшыратамыз:
Күннің көзі екі жағынан да құлақтанып, ауа шаңышып тұрған
суық екен. Сібірде қандай атақты суықтар болса, соның ең
сойқандарының бірі болар. Осындағы асты сызылған фразеологизмнің
жалпытілдік қолданыстағы нұсқасы күн кұлақтанды, күннің көзі
құлақтанды. Фразеологиялық түйдектің бұл нұсқасы ай кұлақтанса,
әйелің ұл тапқандай сүйін, күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай күйін
дейтін фразеологиялық тізбектің (мәтелдің) құрамында да
ұшырасады. Әңгіменің тіл кестесі өзіне дейінгі сөз шеберінің
қолтума тіл өрнектерін дайын күйде қолдану арқылы да түрлене
түседі. Майра үш-төрт ән салғаннан кейін өзінің дағдылы қалпына
түскендей, қарақшыға жақындаған еркін жүйріктей масайрап кетті.
Жарқыраған көз нұры жүзіне төгіліп, жасарып барады. Бұл ән салғанда
қуанатын, бақыт сезінетін әнші. Жазу үстінде «сылдырап өңкей
келісім» ой мен көркемдік тең түсіп отырғанда ақын не сезінеді? Қуаныш
сезінеді. Бұл оның ең бақытты кезі. Сылдырап өңкей келісім деген терең
мазмұнды, ықшам құрылымды тізбектің Абайдікі екенін айтпаса да
жұртшылық жазбай таниды. Мұндай ұшқыр сөздер дайын күйде
қолданыла келіп, халық арасына кең тарап, тілдің лексика-
фразеологиялық жүйесін байыта түседі. Жоғарыда айтылғандай,
«Майрада» аударма фразеологизм де кездеседі: - Екі жеңгем мені
шымылдық ішіне әкеліп кіргізді. Көзім бір түсіп кетіп еді, тани кеттім -
күйеуім пенжек түймелері қарнын үш жерден буылтықтап бунап тұрған
семіз жігіт екен. Өз ауылы басынып алған, «қой қасында қошқар, қошқар
қасында өзі қой» - бір жігіттер болады осындай. Қасындағы жолдасы
төменірек ысырылады да, күйеу жоғары ысырылып, маған екі аралықтан
10
орын көрсетілді». Жазушы бұл жерде "молодец против овец, а против
молодца сам овца" дейтін орыс халқының мәтелін ұлттық
идиоматиканы сақтай отырып аударған. Бұл тізбектің қойға шанқан
батырың батыр көрсе, қой болар деген нұсқасы бар. Бірақ бұл нұсқа
жазушы қаламынан шыққан нұсқадай контекске үйлесімді көрінбес
еді. Өйткені қазақ ұғымында «қойға шапқан қасқыр» бар да, «қойға
шапқан батыр»-дың «образы» жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |