Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет22/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
Түс әлеті. Жоғарыда айтылғандай, мұндағы мәлі (түсімәлі) сөзі
маһалдың дыбыстық жақтан ықшамдалған түрі. Түсімәлімен мағыналас
тұрақты тіркестін бірі – түс әлеті. Тіркес құрамындағы әлет сөзі
дыбыстық өзгеріске түсіп, «танымастай» болған. Бұл сөздің бастапқыда
айтылуы – хал (араб сөзі). Хал сөзі орта ғасырлық әдебиетте «хал-
жағдай, көніл-күй» әрі «заман», «уақыт», «шақ, кез» деген мағынада
жұмсалған
41
. Мағлұм-мағлұмат, жамиғ-жамиғат тәрізді хал сөзі де
халет түрінде айтылған:
Торғайды бұл жеңешең ұстап алған,
Сөзімде өтірік қалет жоқ-ты жалған.
Өзіңе тірі болса, берер едім,
Торғайың әлдеқашан өліп қалған (Қозы Көрпеш-Баян сұлу).
Жырдың басылымындағы түсініктемеде қалет (халет) «жаңсақ»,
«жаңылыс» делініп түсіндірілген. Шындығында, өтірік халет «өтірік
жайт» дегенді білдірсе керек.
«Хал-жағдай», «жай», әрі «уақыт», «шақ» мағынасын білдіретін
халет сөзі қазіргі тіл қолданысымызда [х]-ның көмескіленуі барысында
әлет, түс әлеті болып калыптасты. Халет сөзін көркем сөз зергерлері
байырғы өмір суреттерін беруде қолданып отырған: Жүрек қобалжып,
бас айналады. Құлақта ың-шың шықылдаған толассыз бір шуыл бар.
Осы күйінде, барлық пен жоқтың арасындай бір халетте азғантай
уақыт жатты да Абай ойы өшіп, сеніп жоққа батты (М.Әуезов. Абай
жолы).
Күндіз баласын түске дейін, түстен кейін деп бөлу көптеген
халықта кездеседі деуге болады. Ал осы екі шақтың дәл ортасы,
40
Ысқақов М., 220-б.
41
Шамсиев П., Ибрагимов С. Новаий асарлари луғати. Тошкент, 1972, 777-б.
37


«көлеңкенің бауырға кірген», «күннің тас төбеге келген» сәті (әсіресе
жаз мезгілінде) – тал түс. Халық тілінен тал түске байланысты
айтылатын түрліше сөз орамдарын кездестіреміз: шаңқай түс, анық
түс. Бір күн, бір түн өтеді, сәске мезгіл болғанша, анық түске
толғанда (Қашаған). Таңдай тал түс. Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы
өтті, Жылқыны таңдай тал түс дүрілдетті (Арқалық). Талма түс.
Арада неше қоныпты, талма түстің шағында, мұндай жапан далада
(Дотан батыр). Талмау түс
42
Тапия тал түс (С.Шүкіров). Шалқар түс.
Келіп ек шалқар түсте үлкен суға, Жұбай айтты: жатпайық, тағы
өтелік (Арқалық). Талықсыған тал түс. Талықсыған тал түсте өзім
қашып барайын (Қыз Жібек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет