Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


Болымсыз мағынадағы фразеологизмдерді болымды етіп



Pdf көрінісі
бет40/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Болымсыз мағынадағы фразеологизмдерді болымды етіп
жұмсаудың да айырықша әсері бар. «Кейде әбден қалыптасқан тұрақты
сөз тіркестерін белгілі мақсатқа лайық өзгертіп те қолдануға болады.
Мысалы, Сәбит Мұқанов құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас
болмас деген мақалды өзінше өзгертіп құм жиылып тас болды, құл
жиылып бас болды
62
 деп болымды мағынада қолданады. Саналы түрде
өзгеріс енгізуге байланысты өткен күнде белгі жоқ деген болымсыз
мәндегі фразеологизм әсіресе көркем публицистикада, керісінше, өткен
күнде белгі бар түрінде, болымды мағынада жұмсалып жүр.
Фразеологизмнің мазмұнын полярлық қарама-қарсы мағынада өзгертудің
әсері айрықша. Өйткені жұрт құлағы үйренген үйреншікті сөзді,
аксиомаға айналған ұғымды бұлайша терістеу оқырман назарын бірден
өзіне аударады.
Сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ
63
деген фразеологиялық түйдек
көбіне адамға қатысты айтылып «көп болғанмен берекесі, сапасы жоқ»
деген мағынаны білдіреді. Осы фразеологизм мына контексте еркін
тіркес түріне айналған: Даланың алыс түкпірінде жиналған техниканың
62
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы, 1984, 123-б.
63
Сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ деген фразеологиялық түйдектің ішкі формасы айқын
емес, яғни «неге бұлай айтылатындығы» қазіргі кезде түсініксіз. Біздің жорамалдауымызша,
бұл фразеологизм әуелде жұмбақ түрінде айтыла келіп, фразеологиялық түйдекке айналған.
Сайда саны жоқ деп жұмбақтап отырғаны - су, сайда есепсіз көп те, құмда ізі жоқ, сіңіп
кетеді. Мұндағы сай - өзен - мағынасындағы сөз. Сайдың өзен мағынасы кейбір
фразеологиялық тізбектердің құрамында сақталып қалған: бай байға құяды, сай сайға
құяды, жаман сайға су бітсе, өткел бермес кешкелі т.б.
70


«денсаулығын» мезгіл-мезгіл түзеп отыру – қазіргі күннің үлкен
проблемасының бірі ғой. Қаншама тығыз, шапшаң дайындалып жатыр
дегеннің өзінде, жергілікті орындарда маман механизаторлар мүлде
жетіспейді. Шалағай мамандар техниканы тез істен шығарып
тастап, сайда саны, құмда ізі калып, не бір керемет машиналардың
басына құс саңғып жатқанын әлі де көресің (Ғ.Қайырбеков. Ағаның
ауылында. «Қазақ әдебиеті», 1981, 7 тамыз). Автор болымсыз мәндегі
фразеологизмді өзгеше тұлғаға көшіріп, экспрессиялық әсерді күшейте
түскен.
Сондай-ақ жағымсыз мәндегі фразеологизмді (адам айтқысыз)
жазушының жағымды мазмұнда қолдануы да тап осы тәрізді тосын әсер
тудырады. Бұл тәсіл әсіресе әзіл әңгіме, юмор жанрындағы контекспен
жақсы үйлесіп тұрады: Жол-жөнекей біз жынды көбелек секілді ұшып
жүрген бірнеше әйелден басқа керемет дейтіндей ештеме көрмедік. Ал
ауа-райы адам айтқысыз тамаша болып тұрды (Э.Распе. Мюнхаузеннін
хикаялары. Аударған О.Әубәкіров).
Жазушы кейде фразеологизм сыңарларының дағдылы орнын
ауыстырып, инверсия жасайды. Көбіне еркін тіркестерге тән мұндай
тәсілді жазушы фразеологиялық орамдарда қолданып, оның мазмұнын
кеңейте түседі: Ақжелкеден жаңалық хабарын естіп, жинасқан жерде
тұмсығымен сүйкесіп, жай-күйді танысатын бір илеудің
құмырсқасындай іштей ұғысып, бір-біріне ым қағып тарасқан болатын
(М.Әуезов. Қилы заман). Дағдылы қолданыста илеудің құмырсқасындай
емес, керісінше, құмырсқаның илеуіндей деп айтылатындығы белгілі.
Инверсия жасау арқылы жазушы «өріп, құжынап жүр» дегенге қоса
«сыбайлас» деген жаңа сема үстемелеп тұр. Немесе түйенің үлкені
өткелде (көпірде) таяқ жейді дегенді өткелде түйенің үлкені таяқ
жейді деп өзгертудің де өзіндік мәні бар: Енді сені мен менің заманымда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет