Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет41/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Албан баласы мынаған кез болды, батыр... Өткелде түйенің үлкені таяқ
жейді... Айтсаң да, айтпасаң да тұйыққа келіп қамалдың (М.Әуезов.
Қилы заман). Бұл жерде «түйенің үлкеніне» баса мән беріліп отыр.
Өткел – қиын-қыстау кез де, «түйенің үлкені» – Ұзақ сияқты ел азаматы,
батырлар.
Фразеологизмдердің сыңарларына тән тұрақтылықты әдейі бұза
отырып жазушы оның мағынасын қарама-қарсы мазмұнда өзгертеді.
Мысалы: Тіленшідей атадан сені керең құлақ қып туғызған мен емес,
71


шүленнен шөл туғызған мен деп пе ең? – деп кейіспен кекетті
(М.Әуезов. Абай жолы). Мысалдағы шүленнен шөл туғызған деген
фразеологиялық шоғыр «атақты кісіден тар кеуде туды» дегенді білдірсе,
шөлден шүлен туған деп өзгертуден мүлде қарама-қарсы ұғым пайда
болады. Мұндайда байқалатын ерекшелік – фразеологизмнің
образдылығына нұқсан келмейді, яғни бірінші иллюстрацияда
фразеологизм литотаға, ал екіншісінде гипербола түріндегі айшықтарға
(фигураларға) негізделген.
Фразеологизм сыңарларының дәстүрлі орын тәртібін стильдік-
мазмұндық мақсатта өзгерте жұмсаудың тағы бір жарқын мысалын
мынадай контекстен де байқауға болады: Қызтуған сайын ұл тілей
береді деген секілді көп тілекті үйе бермейік. Осыны орындасақ та аз
болмас. Бірақ ұл тілеген сайын қыз таба береді деп, тілек біткен жерде
қалмасын (Ғ.Мүсірепов). Осылайша фразеологиялық тізбектердегі
сыңарлардың орнын алмастыру арқылы суреткер қаламы қаламбурдың
ерекше сирек үлгісін көрсеткен және бір фразеологизмнің екі түрлі
формасын жарыстыра жұмсау арқылы градация жасап, сөздің әсерлігін
күшейте түскен.
Жалпытілдік қолданыста арпа ішінде бір бидай деп айтылатын
фразеологиялық шоғырдың мағынасы «топ ішіндегі таңдаулы, елеулі,
ала бөтен ерекше көрінетіні» дегенді білдіреді. Жазушы
фразеологизмнің құрамындағы сөздердің дағдылы орнын алмастырып,
сөзге басқаша мазмұн береді: Ал Құланоты аулында соңғы кезеңде
сексеннің табалдырығынан аттаған жалғыз Сырым болды. Қалың
бидайдың ішінде жалғыз арпа (Ш.Мұртазаев. Кәрі солдат).
Фразеологизмді бұлайша өзгертуден оның образдылығы әлсіремейді.
Фразеологизмнің семантикалық структурасындағы «таңдаулы»,
«іріктеулі» тәрізді семалар салғырттанып (деактуализацияланып) кетеді
де «оқшау», «алабөтен» деген семалар актуализацияланады. «Бір бидай
арпа, өзің біл қалқа» деп келетін халық өлеңіндегі бір бидай арпаның
неге бұлай айтылатындығы қазіргі кезде белгісіз. Ал, шындығында, бұл
тіркес арпа ішінде бір бидай-дың жаңғырған түрі
64
.  Фразеологизмнің
формасы жаңғырғанмен, образ тұрақты болады. Мысалы, «топ ішіндегі
64
Арпа ішінде бір бидай деген фразеологиялық тіркес ертеректе балалардың ойынында да айтылған.
Бөтен ортаны жатырқаған баланы қатарлары ортаға алып, түрткілеп әзіл түрінде «арпа ішінде бір
бидай, шоқып алды бір торғай» деп, «етін үрететін» болған.
72


таңдаулы, қадірлі» деген образды мағына фразеологизмнің жалпытілдік
үлгідегі түріне де, контекстегі түрленген нұсқасына да ортақ.
Жазушы қаламы кейде фразеологиялық орамдардың
мағыналарындағы образдылықты сақтай отырып, олардың лексикалық
құрамын әрі грамматикалық мағынасын да өзгертіп қолданады.
Жалпыхалықтық тілде ел ішін ала тайдай бүлдірді деген
фразеологиялық түйдек бар, «жұртты дүрліктірді» деген мағынада
жұмсалады. Енді осы аталған фразеологизм көркем тіл кестесіне енгенде
өзгеше структуралық, грамматикалық өзгеріске түседі: Тура қойылған
сұрақтан тұра қашқысы келген Біржан ала тайдай бұзылған аспанға
қарады. – Көк айныды. Мынаусы жаңбыр ғой (А.Сүлейменов. Адасқақ).
Жалпытілдік қолданыста етістік мағынасында жұмсалатын
фразеологизм сындық мәнге көшіп, аспанның анықтауышы болып тұр.
Мұндай түрлендіру сындық сапаның интенсивтілігін күшейте түскен:
«Көк жүзі көшкен жұрттай әбігерге түскен». Фразеологизмнің сырт
тұрпаты деформацияланғанмен, образды мағынасы бұзылмаған.
Көркем шығарма тілінде жиі жұмсалатын, эмоционалдық реңкке ие
бір алуан фразеологизмдер бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет