Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет39/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
отырмыз. Болмаса, ана Тәкежандай десем, келмес ем... Мұндағы
қарындастың ертеректегі мағынасы «бауыр, туыс». Қазіргі қазақ тілінде
бұл сөздің мағынасы тарылған, еркек кіндікке айтылмайды. Қарындас
сөзінің «туыс, бауыр» деген кең мағынасы қатты айтсам,
қарындастың көңілі қалады, ақырын айтсам ақым кетіп барады тәрізді
мақал-мәтелдердің құрамында ұшырайды.
М.Әуезов шығармаларында өз алдына арнайы зерттеу объектісі
болатын поэтикалық сөз орамдары, тың тіркес, соны сөз легі көп-ақ.
Солардың бір алуаны: қара шоқпар (Барымта), қара сойыл, қара құрық,
кескекті аю, кескекті жайын (Қилы заман), қара мойын, қанды мойын,
жерсібір жіберу, аққұла шығын («Қараш-қараш» оқиғасы), таусыншақ
сөз (Қорғансыздың күні) тәрізді тұрақты сөз тіркестері. Стильдік бояуы
қанық, экспрессивтік әсері, эмоционалдық реңкі айрықша поэтикалық
сипаттағы тұрақты тіркестер – шешендік тілдің өзекті бір саласы.
Жазушының кейбір сөз орамдары даяр поэтикалық үлгімен жасаған.
Мұндай төл тума тіркестер жалпыхалықтық дәстүрдегі сөз орамдарымен
ұласып, жігі білінбей жатады. Мәселен, жабының жол бұзатын
жорғасындай (Қилы заман) деп келетін образды сөз орамы өзінің
эвфониялық үйлесімімен де ерекше. Халық тілі тұнығына еркін
бойлаған ұлы жазушы М.Әуезов тіл шеберлігінің көп қыры, алуан сыры
бар. Біз соның кейбір тұстарын ғана, атап айтқанда тұрақты сөз
орамдарына қатысты жерлерін сөзімізге арқау еттік. Ал жазушы тіліндегі
көркемдіктің кілтін табу, түптеп келгенде, «Әуезов тіліндегі мақал-
мәтел, шешендік тіл үлгілерінің сөздігін» түзу, жазушы тілінің дербес
67


сөздігін жасау, қаламгердің тіл қолданысын тереңірек зерттейтін
еңбектердің жазылуына саяды.
Көркем тіл кестесінде жазушы фразеологиялық сөз орамдарын
тұрпаты жағынан бірыңғай, бір сарынмен жұмсай бермейді. Осымен
байланысты көркем проза тіліндегі фразеологизмдердің жұмсалу
тұрпаты бірде жалпытілдік нұсқасына сай келсе, бірде өзгеше түрге
енеді. Фразеологизмдерді түрлендіре жұмсаудағы стильдік өнімді
тәсілдердін бірі – оларды еркін тіркес түрінде қолдану. Мысалы,
салыстыру ретінде алынған мына екі контексте бір фразеологизм екі
түрлі реңк алып тұр: Мейраммен алғаш кездескен жерде-ақ апшысын
қуырған өткір келіншек осы Балғын (Ғ.Мұстафин. Қарағанды) Олай
болса жер апшысын қуырып алайык, - деп Шығанақ тұра шапты
(Ғ.Мұстафин. Шығанақ). Бірінші сөйлемде апшысын қуырды деген
фразеологизм жалпытілдік қолданысқа сай реңкте болса, екінші мысалда
бұл фразеологизм тұрпаты жағынан еркін тіркеске тән түрге көшкен.
Фразеологизмнің сыртқы формасын еркін тіркеске ұқсата қолданып,
тосын реңк беру мына тәрізді контекстен де айқын байқалады: -
Қарағанды көп ұзамай қалаға айналады. Өзі болған қыз төркінін
танымай жүрмесін (Ғ.Мұстафин. Қарағанды). Мұндай тәсілді
Ғ.Мұстафин әсіресе кейіпкер тілінде шебер пайдаланады.
М.Әуезовтің тіл кестесінде мақал-мәтелдердің тұрпаты мүлде
танымастай болып, өзгеріске ұшырап жатады: Тегінде, қазақ
жазушылары «қазақ тілінің бар заңын өзіміз кесіп, пішеміз», «қайдан
құлақ шығарсақ, соған ерік алған қазаншымыз» дей алмайды
(М.Әуезов). Жазушы қаламы фразеологиялық тізбектің дағдылы
құрылысын қанша жерден жіліктеп тастағанмен, оның образды
мағынасы сол күйінде оқырман санасында қайта жаңғырады. Сондықтан
казаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса деген тізбектің (мәтелдің)
еркін тіркеске түскен яғни, тұрпатын өзгертіп, бірақ мазмұнын сақтап
түрленген контекстік нұсқасы екенін оқырман жазбай таниды.
Жазушы фразеологиялық тізбек түріндегі мақал-мәтелдерді тұтастай
емес, тек бір ғана бөлігін кейіпкердің аузына салады. Мақал-мәтелдерді
бұлайша ықшамдау сөйлеу тілі реңкін беру мақсатында жұмсалады.
Бірақ жазушы мақал-мәтелдердің кез келгенін емес, әсіресе
жұртшылыққа кеңінен танымал, яғни әлеуметтік мәнділігі кеңірек
түрлерін таңдайтын тәрізді: Қошқар туған козыдайсың, шырағым. Бірақ
68


жолымды кескенің калай? Үлкен емес пе ем? – дегендей болды
(М.Әуезов. Абай жолы). Тұрақты тізбектің толық түрі (қошқар болар
козының маңдайы дөң болар, батыр болар жігіттің етек-жеңі кең
болар) яғни жалпытілдік қолданыстағы нұсқасы арнайы айтылмаса да,
оқырманның ойында тұрады. Мақал-мәтелдерді бұлайша ықшамдаудан
оның мазмұнына, образдылығына нұсқан келмейді. Бір қазанға сыймай,
жас күнінен егес (Ғ.Мұстафин. Шығанақ) деген сөйлемдегі бір қазанға
сыймай деген тіркестің халықтық нұсқада – екі қошқардың басы бір
қазанға сыймайды деп айтылатын мәтел екендігін оқырман іштей біліп
отырады.
Сонымен, фразеологиялық сөз орамдарын тосын формаға түсірудің
яғни тұрақты тіркеске еркін тіркестегідей реңк берудің әсері айрықша
сезіледі. Өйткені бұрын тіл машығында кездеспеген сонылықтың
әрқашан оқырманның назарын өзіне аударатындай ерекшелігі болады.
Стильдік тәсілдердің көркем проза тілінде аса кең тараған түрі –
фразеологиялық сөз орамдарының лексикалық құрамын жаймалап
қолдану. Айрықша шеберлікті керек ететін бұл тәсіл негізінен
фразеологизмнің контекстегі мағынасын дәлдеу, эмоциялық-
экспрессиялық реңкін күшейту үшін және фразеологизмнің мазмұнын
кеңейту мақсатында қолданылады. Мысалы, құрық берді, тамырындай
таныды, үкі (тана) тақты деген фразеологиялық шоғырдың құрамын
жазушы жаймалап, сөз үстеп қолданады: Бірнеше жыл бәйгесін өткізе
алмай жүрген орындар қос-қосарлап үкі-танасын түгел тақты
(М.Әуезов). Осы түнде. Әзімхан төре ойға келмес сұмдыққа өз қолымен
құрық берді (М.Әуезов). Фразеологиялық сөз орамдарының құрамын
жаймалап қолдану арқылы жазушы экспрессиялық әсерді күшейте
түседі: Амантайдың бір басқан жеріне бір айға дейін шөп шықпайтын
(Ғ.Мұстафин). Басқан ізіне (жеріне) шөп шықпайды деген
фразеологиялық шоғырды жаймалау арқылы (бір айға дейін), бұл жерде
үстеме сөз фразелогизмнің мазмұнын уақыт жағынан дәлдеп тұрған жоқ,
контекске жеңіл әзіл, жылы юмор дарытқан. 
Көркем проза контексінде кездесетін контаминация тәсілінің
стилистикалық қызметі ерекше. Мұндайда екі түрлі фразеологизмнің
сыңарлары сыйыстырыла қолданылады. Мысалы, ағаш атқа мінгізді
деген фразеологизмнің мағынасы – жаманат хабар таратты; ал сан саққа
жүгіртті деген фразеологизм әр түрлі алыпқашпа сөзге таңды дегенді
69


білдіреді. Жазушы сол екі фразеологизмді контаминация түрінде
жұмсап, мазмұнын кеңейте түседі: Ел іші Құнанбай Омбыға кетеді екен
дегенді естігенде, айдалады, жазаланады деп түсінді. Жігітек,
Бөкеншілер: «Құнанбай кесіліп кетіпті. Итжеккенге барады» деп бір
сөйлеп, «жоқ, Тескентауға, Темірхан шораға кетеді» деп бір лаулап,
неше саққа мінгізіп жатты (М.Әуезов. Абай жолы).
Ұзын арқан, кең тұсауға салды; қысқа жіп күрмеуге келсе де,
байлауға келмейді деген фразеологиялық сөз орамдарының сыңарларын
түсіріп, ықшамдау арқылы контаминацияның ерекше түрін жасайды:
Ұзын арқан, кең тұсау бұнда болғанда, қысқа жіп күрмеуге келмес
менмін (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет