Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет57/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70
машина жасау үшін қызмет етеді дегендегі ауыспалы осы шақ тұлғасы
шақтық мағынадан гөрі іс-әрекеттің белгілі бір зат, құбылысқа тән
екендігін көрсетеді (мысалы, су 100°-та қайнайды). Сондықтан да
зерттеушілер бұл тұлғаны ғылыми стиль ресурсына жатқызады. Ал
сөйлеу тілі немесе көркем әдебиет стилінде шақтық мағына мұндай
102


сипатта болмай, объективті процестің уақытқа байланысы айқын
бейнеленеді: Асан ауылға жүреді, ертең күн жауады.
Ғылыми стиль, ресми іс-қағаз стилі т.б. салыстырғанда әр түрлі
бейнелеуіш көріктеуіш амал-тәсілдердің көркем әдебиет стилінде мол
болуы зерттеулерде айтылып та, көрсетіліп те жүргені белгілі. Әрине,
көркем стиль түзуде түрлі тропа, фигураның өзіндік орны бар. Бірақ
көркем әдебиет стилі өзге стильдерден бір ғана компоненті –
бейнелеуіш, көріктеуіш тәсілдер арқылы ғана ажыратылмайды. Қайсы
бір суреткерлердің әңгіме, повестері бастан аяқ теңеу, метафораға
құрылуы мүмкін емес. Тіпті әңгіме көріктеуіш, бейнелеуіш тәсілдердің
жиі қолданылуында ғана емес. Кейбір жазушы қаламы ондайға тым
сараң болады. Жұрт аузына ілінген не бір көркем шығарма авторларынан
дәстүрлі немесе төл тума бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілердің бірен-
саран түрін кездестіруіңіз де ықтимал. Ол – суреткердің дара
қолтаңбасына тәуелді жайт. Бірақ солай болса да, оқырман ондай
шығарманың көркем стильде жазылғанын түйсініп отырады. Бұлай
болуы көркем текстегі сөздің жұмсалу сипатында. Бұған көз жеткізу
үшін көркем тіл кестесіндегі сөздің жұмсалу сипатын ғылыми текстегі
сөзбен салыстырып байқауға болады. Мысалы, қайың сөзі ғылыми
тексте де, көркем шығармада да кездеседі делік, бірақ көркем
шығармадағы қайыңда деректі сипат бар: мысалы, ол терезе алдындағы
қайың; жел соқса, жапырағы жамыраған қайың; өзен бойындағы қайың
т.б. болуы ықтимал.
Немесе:
Аққайыңдар қардан алқа тағынып,
Шаттануда шалқайып.
Ата – Сібір, ақ күпісін жамылып,
Жата кетті жантайып, – деп ақын (М.Мақатаев) айтқандай
«қардан алқа тағынған» қайың да болуы мүмкін. Осындай атрибуттар
арқылы сөз қалайда көркем тексте деректі сипат алуы (конкретизация)
шарт. Сонда ғана оқырман суреткер баяндап отырған жайды көзбен
көріп, қолмен ұстап, керек десеңіз, дәмін, исін сезіп дегендей, шындық
өмірдегідей қабылдайды. Жазушы оқырманның сезім түйсігіне (бес
сезім мүшесі: көру, есту, иіс, дәм сезу және тері сезім мүшесі) арқа
сүйейді.
103


Ал ғылыми тексте кездесетін қайыңда мұндай деректі сипат жоқ. Ол
терезенің алдындағы, өзеннің бойындағы қайың емес, ой-сана (рассудок)
арқылы түйсінілетін қайың. Ғалым сипаттап отырған қайыңдағы қасиет
тек терезе алдындағы қайыңға емес, күллі қайың атаулыға тән.
Суреткер қаламы бейнелі сөзге иек артады. Ауыл жым-жырт, ауыл
тыныштықта дегеннен гөрі ауыл мызғып, қалғып тұр деу көркем тіл
кестесі үшін әлдеқайда дәл, әлдеқайда деректірек. Өйткені мызғып,
қалғып тұрған нәрсені, тыныштықта деген сөзбен салыстырғанда,
айқынырақ елестетуге болады: Көгал сайда отырған бес-алты үйлі аз
ауылдың түңлігі тегіс жабық. Ай астында ақ үйлер де мызғып, қалғып
тұр (М.Әуезов. Абай жолы). Ассоциация арқылы оқырман санасында
«мызғып, қалғып тұрған» жанды нәрсенің елесі пайда болады да, түнгі
ауылдың бейнесін шындықтағыдай көз алдыңа келтіреді. Енді бір
суреткердің талантты қаламы тіпті оқырман ойламаған тұстан қысқы
ауылдың түнгі бейнесін тың әрекет аркылы береді дс экспрессиялық
әсерді арттыра түседі:
Аязды түнде ақпанда,
Ит үрмей, тауық шақырмай.
Арқасын сүйеп ақ тауға,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет