Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ НОРМА ЖӘНЕ ОДАН МАҚСАТСЫЗ



Pdf көрінісі
бет60/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ НОРМА ЖӘНЕ ОДАН МАҚСАТСЫЗ
АУЫТҚУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Фразеологизмдер мазмұны жағынан жеке сөздерге (лексикалық
единицаға), формасы жағынан сөз тіркестері мен сөйлемдерге
(синтаксистік единицаға) ұксайды. Осымен байланысты
фразеологизмдердің нормасы күрделене түседі. Мұның өзі
фразеологизмдердің нормасы екі тұрғыда – форма тұрғысынан (в плане
выражения) және мазмұн тұрғысынан (в плане содержания) қарауды
қажет етеді.
109


Фразеологизмдердің форма тұрғысынан (в плане выражения)
нормадан ауытқуына лексикалық құрамын өзгерту (түсі игіден түңілме
– түсі жақсыдан түңілме; тазы түлігін түлкі сүймес – тазы жүйрігін
түлкі сүймес т.б.); грамматикалық тұлғаларын өзгерту (ала тайдай
бүлдірді – ала тайдай бүлінді; апшысын қуырды – апшысы қуырылды)
тәрізді құбылыстар жатады. Мұндай өзгертулер фразеологизмдердің
фонетикалық жүйесіне де қатысты болуы ықтимал (мысалы, ай дер ажа
жоқ, қой дер қожа жоқ – әй дер әже жоқ, қой дер қожайын жоқ).
Фразеологизмдердің мазмұн тұрғысынан нормадан ауытқуына,
біріншіден, олардың мағынасы контекстің мазмұнына лайық болмай
тұруы, екіншіден, фразеологизмдердің стильдік реңктерінің контекстің
стильдік реңкімен үйлеспей тұруы жатады.
Біршама қолдағы бар материалдарға қарағанда, фразеологизмдердің
лексикалық құрамына қатысты ауытқулар, көркем шығарма тілінде өте
жиі ұшырайды. Мұның өзіндік себебі бар. Өйткені фразеологизмдердің
лексикалық құрамында, әсіресе фразеологиялық түйдектерде мағынасы
түсініксіз, архаизмге айналған сөздер жиі кездеседі. Сондықтан олар
қазіргі әдеби тілдің лексикалық жүйесіндегі нормалармен сәйкес
келмейді де, әдеби тілдің қазіргі лексикалық нормасы «қысым»
жасайды. Мысалы, бір кезде әдеби тілдің нормасы ретінде игі сөзі ХV-
ХVІІ ғғ. өте актив қолданылған әдеби тілдің бұдан кейінгі кезеңдерінде
игі мен қатар жақсы сөзі тайталаса жұмсала келіп, игі пассив қорға
ауысты. «Игі, қыршын сөздері де қазірде игі жақсы, қыршын жас,
қыршынынан қиылды тәрізді тұрақты тіркестерде сақталған болса
ертеректе алғашқысы жақсы сөзінің синонимі ретінде актив
қолданылған, әсіресе ол жақсы сөзінің предикаттық қызметіндегі
дублеті болып келеді. Мысалы, Шалкиіздің Асау тулап жықпаса,
Артқы айылдың беркі игі моделімен келген толғауы түгелімен жақсы-
ның орнына игі сөзі қолданылуы арқылы жасалған. Игі сөзінің сол
қызметі мақал-мәтелдерде де сақталған: Түсі игіден түңілме. Қазір тек
адамға қатысты сөздермен тіркесуге бейім тұлға ХV-ХVІІ ғасырларда
әлдеқайда еркін тіркестерде келеді»
71
.
Тіл қызмет ете отырып өзгереді. Көне элемент жаңамен жарыса
жұмсала келіп, бірте-бірте қолданыс майданынан ығыса бастайды.
Тілдік жүйенің көнерген элементін жаңғыртып отыру құбылысынан
71
Сыздықова Р. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы, 50-бет.
110


тіпті лексикалық құрамы «тас кесекке» айналған фразеологизмдердің
өздері де қалыс тұрмай жаңғырып отыратынын байқаймыз. Қазіргі
тілдік қолданысымызда құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, таста
тамыр жоқ деп айтылатын фразеологиялық тізбектің көнерек нұсқасы –
қуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, таста тамыр жоқ
72
.  Қу сөзі
ертеректе «құс» деген тектік ұғымда қолданылған, қазіргі кезде
мағынасы тарыла келіп, түр атауына көшкен. Түлкі күлігін тазы сүймес
деген фразеологиялық тізбектің түлкі жүйрігін тазы сүймес түріне
көшуі тілдік жүйенің, фразеологизм нормасына заңды «қысым»
жасауына байланысты.
Сондай-ақ көздің жауын алады деген фразеологиялық түйдектің
құрамындары жау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет