Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-СТИЛЬДІК



Pdf көрінісі
бет56/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-СТИЛЬДІК
РЕҢКТЕРІ
Тілдік амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың шарты мен
міндеттеріне барынша сай жұмсау – сөз бедері деп аталады. Әрине,
тілдік қарым-қатынас жасаудың шарты мен мақсаты шындық өмірде өте
көп болуы ықтимал. Оны санамалап шығу мүмкін емес. Бұл жерде
100


әңгіме тіл жұмсаудың типтік жағдаяттағы шарты мен мақсатына
байланысты болмақ.
Қолына қалам, қағаз алған адам өз ой-пікірін, сезімін жеткізуде әдеби
тілдің функционалдық стильдерінің бірін пайдаланады. Сондай-ақ
шаршы топ алдына шығып сөйлеуші қай жерде, қандай ортада,
кімдердің алдында сөз саптауына қарай, алдына қойған мақсатына орай
тілдік-амал тәсілдерді талғайды.
Тілдік амал-тәсілдерді типтік қарым-қатынас жасаудың шарты мен
мақсатына сай жұмсай білу түптеп келгенде, әдеби тілдің фунционалдық
стильдерінің бір-бірінен ерекшеленетін қасиетін, басты-басты белгілерін
жете меңгеруді талап етеді.
Әдетте көркем сөзді ғылыми сөзден, немесе ғылыми сөзді сөйлеу
тілінен ажыратып тұратын нәрсе – стильдік тұтастық, бірлік. Ал сөз
стильдік тұтастыққа қалай ие болады? Біріншіден, бір стиль екінші бір
стильден тілдік материал арқылы ажыратылатындығын байқауға болады.
Мысалы, -уда, -уде (студенттер білім алуда) тұлғасы публицистика
стилінде жұмсалғанмен, сөйлеу тілі, көркем әдебиет стиліне тән деуге
болмайды. Болып табылады, ... бірінен саналады... белгілі бір тәрізді
тіркестер ғылыми стильде кездескенімен, көркем тіл кестесіне мүлде
жат. Сондай-ақ боп (болып), кеп (келіп), ап (алып) сөйлеу тілі стиліне
бөтен болғанымен, іс-қағаз стиліне тән деуге болмайды.
Бірақ белгілі бір стильге телулі бұл тәрізді біртарап қолданыстар
стильдік жақтан бейтарап тілдік амал-тәсілдермен салыстырғанда
(мысалы, кітап, үй, қағаз т.б. тәрізді) әлдеқайда аз ұшырайды.
Сондықтан олар стиль тузуге қатысқанмен, сөзді бір стильге
шоғырландыруда шешуші орында бола бермейді. Қайта, керісінше,
стиль түзуде бейтарап тілдік амал-тәсілдер белсенді қызмет атқарады,
Бейтарап тілдік амал-тәсілдер барлық стильде қолданыла береді.
Мысалы, темір, көмір, ай, қағаз, су, оқу, жазу, айту, көру т.б. Сондай-ақ
көптік, септік, тәуелдік, жіктік, шақ тұлғалары т.б. Сөздердің бір-
бірімен тіркесу амалдары мен байланысу түрлерін белгілі бір стильге
ғана тән деуге болмайды. Бұл тәрізді бейтарап қолданыстар әдеби тілдің
бүтіндігін сақтап, тұтастығын ұстап тұрады. Қазақ тілін тұтынушы адам
тек сөйлеу тілін ғана емес, көркем әдебиет, іс-қағаз стилі, публицистика
стилі, ғылыми стильдерді (белгілі бір дайындықтан соң) қарым-қатынас
жасауда пайдалана береді. Міне, сондықтан көркем шығарма тілі тек
101


жазушыға, публицистика тілі тек журналист, қоғам қайраткерлеріне, іс-
қағаз стилі кеңсе қызметкеріне ғана түсінікті болмай, қоғам мүшелерінің
бәріне ортақ қызмет атқарады.
Кейбір еңбектерде көркем әдебиет тілі, публицистика тілі, кеңсе тілі
деп те қолданыла беруі шартты. Бұл жердегі «тіл» стиль сөзінің
синонимі. Ол авар тілі, өзбек тілі дегендегі «тілмен» бір ұғымда емес.
Сонымен барлық стильге ортақ бейтарап тілдік амал-тәсіл стиль
ұйымдастыруға қатысуда белсенді орын алады. Бейтарап тілдік амал-
тәсілдердің бұл қасиеті екі түрлі жағдайдан байқалады. Біріншісі –
жұмсалу жиілігі, екіншісі – жұмсалу сипаты.
Стиль талғамағанмен, бейтарап тілдік амал-тәсілдердің әр стильде
жұмсалу мүмкіндігі әркелкі болады. Мысалы, жұлдыз, бұрыш, түзу
тәрізді терминдер тек ғылыми стильде ғана емес, көркем әдебиет,
публицистика, сөйлеу тілінде қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың
жұмсалу жиілігі не сипаты әр стильде әр басқа болуы ықтимал. Ғылыми
стильде бұл тәрізді терминдер жиі жұмсала келіп, стиль түзуге
қатысады. Бұған статистикалық әдіс арқылы да көз жеткізуге болады.
Тілдік амал-тәсілдер қолданылу жиілігі ғана емес, жұмсалу сипатымен
де стиль түзеді. Мысалы, темір, көмір, ай, алтын т.б. ғылыми тексте тек
терминдік сипатта жұмсалса, көркем шығарма, сөйлеу стилінде
метафорланып та қолданылады.
Сондай-ақ алтын, ай сөздерінің ауыспалы мағынада айтылуы
(алтыным, айым) сөйлеу тілі, көркем әдебиет стиліне тән сипатты
аңғартатыны белгілі. Сонымен, тілдік амал-тәсілдер тек жұмсалу жиілігі
жағынан емес, қолдану сипаты жағынан да бір стильден екінші бір
стильді бөлектеп тұрады. Мұндай қасиет тек лексика емес, өзге де тіл
деңгейлерінде, оның ішінде қосымшалардың жұмсалуында да кездеседі.
Шақтың өзге формаларымен салыстарғанда ғылыми стильде
ауыспалы осы шақ жиі қолданылады. Бұл тұлға ғылыми стильде тек
қолданылу жиілігі жағынан ғана емес, жұмсалу сипаты тұрғысынан да
бөлектей түседі. Мысалы, сілті суда ериді, металлургия өнімдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет