тұмсығын сындырған жоқ деген нұсқалық сыңарлары бар: Бұларда мал
дейтін мал да шағын. Азын-аулағы болса осы қыстау маңын қысы-жазы
жесе де, бөктер шөбінің тұмсығын сындыра алмайды. ("Абай жолы").
Қара құрттай қаптаған, құжынаған тәрізді орамның қатары қара
құрттай қайнаған секілді нұсқалармен молыға түседі: "жазықтың орта
кезінде кара құрттай қайнаған жәрмеңке сол өзеннің жағасында" ("Қилы
заман"). Немесе жазушы "Барымта" әңгімесінде ұпай түгел деудің орнына
55
асығы түгел деп те қолданады. Жарық айлы бүгінгі түн қаралы, қанды
түн болды. Өз намысы оянбаған екі бейбақ,асығы түгел әлдекімнің
намысына итаршылық жасады да – жайрап түсті қос арыс... Жер
мойны алыс деген тіркес сыңарының бірнеше синонимдері бар: жер
мойыны қашық, жермойыны шалғай, т.б. Мысалы: "Қыс түсіп, мал
арзандады Семізін елден алдыруға жер мойыны қашық" ("Абай жолы").
Осы тіркестің тұрақты компонентінің өзін жазушы әр ыңғайла кұбылта
қолданады: Мына боран айықпағалы, міне, үш күн болды. "Жыл мойыны
жақын ба" деп дәме қылысым еді ("Абай жолы"). Тұрақты тіркес
сыңарларын өзгертіп, жазушы қаламының тыңға түсуі дағдыдан ауытқу
тәрізді болғанымен, көркемдік шешімі жоқ емес: "жердің" орнына
""жылды" алуы, "алыстын" орнына"жақынды" қолдануы тілдегі
ассоциация мен антоним кұбылысына негізделген. Әдетте мезі болған
жолаушыға жол ұзақ, мойнындай жіңішке жердің өзі үзіп кетеді. Мал
баққан жанға да солай, жұттың жылы үзілер жерде ұзарып, шығынға көп
ұшыратады.
Жазушы осы тәрізді мал ашуы – жап ашуы дегенді ру арасындағы
қыстау-қоныс, құдық-қорық таласына орай жер ашуы – жан ашуы деп
өзгерте қолданады: Бұл қорлыққа шыдағанша өлген артық! - дегенде
Бөкенші, Борсықтың тағы бірнеше жас жігіттері аттарын тебініп,
ілгері шыға берісті. - Жер ашуы - жан ашуы... ("Абай жолы").
Сонымен, фразеологиялық сөз орамдарын тосын күйде қолдану,
тұрақты орамдарды еркін тіркес тәрізді өзгертудің әсері айырықша
сезіледі. Өйткені тіл тәжірибесінде бұрын кездеспеген соңылықтың
оқырман назарын өзіне аударатындай ерекше әсері болады.
Ғ.Мүсірепов тәрізді сөз шеберлерінің тіл кестесінде фразеологиялық
орамдарды қолданудың тағы бір тартымды тәсілі бар. Ол
фразеологизмдердің құрамында ұшырайтын сөздің бірін еркін тіркес
түрінде кайталап отыру. Мұндай тәсіл арқылы жазушы экспрессияны
күшейте түседі: -Тегінде, екінің бірі дұрыс болар: не мен қырыққа жетпей
қартайған болармын, не кейбіреулер қырыққа жеткенше қырқынан шыға
алмай қалған болар (Ғ.Мүсірепов. "Болашаққа аманат"). Стилистикалық
қайталаудың мұндай түрі аса көрнекті қаламгер Ғ.Мұстафиннің көркем тіл
кестесінде де жиі ұшырайды. Мысалы: Құм дала жігеріңді құм қылса
қайтесің ("Шығанақ"); Күн қабағы жабылса, жер қысылады, сенің
қабағың жабылса, мен қысыламын ("Миллионер"). Фразеологизмнің
сыңарын өзге еркін, тіркесте қайталаудың эмоциялық-экспрессиялық
күшейтпелі әсері кейіпкердің сыртқы портреті арқылы ішкі сезімін
құбылыстарын көрсететін мына бір контексте айқын білінеді: Бұғанға
дейін Майраның жүзінде қуаңдық бар еді. Қара көздері тұнық қара судай
тым тұнық еді,енді сол тұнықтың бетін самал лебі сипап өткендей, қара
көздері жарқырап,жүзіне ыстық қан жүгіріп сала берді. (Ғ.Мүсірепов.
"Атақты әнші Майра"). Қайталаудың бұл ерекше түрін семантика-
56
стилистикалық қайталау деп атаймыз. Өйткені мұндай қайталаудан сөз
өзінің жалпытілдік мағынасына қоса үстеме мәнге ие болады. Контексте
қайталауға түскен қара түр-түсті білдіріп қана қоймай, "әсем, әдемі" деген
мәнді де аңғартады Тұнық сөзі де жай ғана қаталанып тұрған жоқ. Тұнық,
Достарыңызбен бөлісу: |