Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата28.04.2023
өлшемі0,61 Mb.
#87939
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Байланысты:
Н. У ЛИ лы фразеология ж не тілдік норма Алматы 1 Н. У (1)

қой дер қожа жоқ деген нұсқада ұшырайды:
"Тобықты, шаялығыңды қылдың ба? Білегі жуандықты қылдың ба?
Айрандай аптап, күбідей пісіп жүргенде ай дер ажа, қой дер қожа болған
жоқ. Найманда алынбай жүрген кегін, тимей жүрген есең болса, соныңды
айт!"
Алайда "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде" Мұхтар Әуезов
қолданған нұсқа негізгі вариант түрінде алынған. Өйткені жазушы мұндай
сөздердің көне тұрқын танып, білімдарлықпен, сөз орамының мағыналық
үйлісіміне орай қолданған."Ажа" сөзі көне түркі жазба ескерткішінде,
ортағасырлық шағатай тілінде, қырғыз тілінде "үлкен кісі" мағынасын
білдіреді. Ал тұрақты тізбектің бас шеніндегі "әй"-дің кейде "ай" болуы
сөз орамдарының эфониялық үйлесіміне байланысты. "Абай жолы"
эпопеясынан тағы бір мысал: Құнанбай сәлемін есіткен жерде,
Бердіқожы томырылып қалын: Е, мен баламды Құнанбайға кішілікке
беруші ме ем? – деді. Мұндағы кішілікке беру –"әйелдікке беру" деген
мағынада. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, XI ғ. Махмуд Қашқаридің
сөздігінде кіші –әйел мағынасындағы сөз. Жазушы (Абай жолы)
романында тек тұрақты сөз орамындағы ғана емес, жекелеген кейбір
58


сөздерді де көне мағынасында орынды қолданады: Шырағым Абай,
қарындасқа, қайырымы бар бала деп естушек. Сондықтан кеп отырмын.
Болмаса, ана Тәкежандай десем, келмес ем... Мұндағы "қарындастың"
ертеректегі мағынасы "бауыр" "туыс". Қазіргі қазақ тілінде бұл сөздің
мағынасы тарылған, еркек кіндікке айтылмайды. Қарындас сөзінің "туыс,
бауыр" деген кең мағынасы) қатты айтсам, қарындастың көңілі қалады,
ақырын айтсам ақым кетіп барады тәрізді мақал-мәтелдердің құрамында
ұшырайды.
М.Әуезов шығармаларында өз алдына арнайы зерттеу объектісі
болатын поэтикалық сөз орамдары, тың тіркес, соны сөз легі көп-ақ.
Солардың бір алуаны: қара шоқпар ("Барымта") қара сойыл, қарс құрық,
кескекті аю, кескекті жайын ("Қилы заман"), қара мойын, қанды мойын,
жерсібір жіберу, аққұла шығын ("Қараш-қараш" оқиғасы), таусыншақ
сөз ("Қорғансыздың күні") тәрізді тұрақты сөз тіркестері. Стильдік бояуы
қанық, экспрессивтік, әсері эмоционалдық реңкі айрықша поэтикалық
сипаттағы тұрақты тіркестер – шешендік тілдің өзекті бір саласы.
Жазушының кейбір сөз орамдары даяр поэтикалық үлгімен жасаған.
Мұндай төл тума тіркестер жалпы халықтық дәстүрдегі сөз орамдарымен
ұласып, жігі білінбей жатады. Мәселен, жабының жол бұзатын
жорғасындай ("Қилы заман") деп келетін образды сөз орамы өзінің
эвфониялық үйлесімімен де ерекше. Халық тілі тұнығына еркін бойлаған
ұлы жазушы М.Әуезов тіл шеберлігінің көп қыры, алуан сыры бар. Біз
соның кейбір тұстарын ғана, атап айтқанда тұрақты сөз орамдарына
қатысты жерлерін сөзімізге арқау еттік. Ал жазушы тіліндегі көркемдіктің
кілтін табу, түптеп келгенде, "Әуезов тіліндегі мақал-мәтел, шешендік тіл
үлгілерінің сөздігін" түзу, жазушы тілінің дербес сөздігін жасау,
қаламгердің тіл қолданысын тереңірек зерттейтін еңбектердің жазылуына
саяды.
Көркем тіл кестесінде-жазушы фразеологиялық сөз орамдарын
тұрпаты жағынан бірыңғай, бірсарынмен жұмсай бермейді.Осымен
байланысты көркем проза тіліндегі фразеологизмдердің жұмсалу тұрпаты
бірде жалпытілдік нұсқасына сай келсе, бірде өзгеше түрге енеді.
Фразеологизмдерді түрлендіре жұмсаудағы стильдік өнімді тәсілдердің
бірі – оларды еркін тіркес түрінде қолдану. Мысалы, салыстыру ретінде
алынған мына екі контексте бір фразеологизм екі түрлі ренк алып тұр:
Мейраммен алғаш кездескен жерде-ақ апшысын қуырған өткір келіншек –
осы Балғын (Ғ.Мұстафин "Қарағанды") Олай болса жер апшысын қуырып
алайық, – деп Шығанақ тұра шапты (Ғ.Мұстафин. "Шығанақ"). Бірінші
сөйлемде апшысын қуырды деген фразеологизм жалпытілдік колданысқа
сай реңкте болса, екінші мысалда бұл фразеологизм тұрпаты жағынан
еркін тіркеске тән түрге көшкен фразеологизмнің сыртқы формасын еркін
тіркеске ұқсата қолданып, тосын реңк беру мына тәрізді контекстен де
айқын байқалады: - Қарағанды көп ұзамай қалаға айналады. Өзі болған
59


қыз төркінін танымай жүрмесін (Ғ.Мұстафин. "Қарағанды"). Мұндай
тәсілді Ғ.Мұстафин әсіресе кейіпкер тілінде шебер пайдаланады.
М.Әуезовтің тіл кестесінде мақал-мәтелдердің тұрпаты мүлде
"танымастай" болып, өзгеріске ұшырап жатады: Тегінде, қазақ
жазушылары "қазақ тілінің бар заңын өзіміз кесіп, пішеміз", "қайдан
құлақ шығарсақ, соған ерік алған қазаншымыз" дей алмайды (М.Әуезов).
Жазушы қаламы фразеологиялық тізбектің дағдылы құрылысын қанша
жерден жіліктеп тастағанмен, оның образды мағынасы сол күйінде
оқырман санасында қайта жаңғырады. Сондықтан қазаншының өз еркі
қайдан кұлақ шығарса деген тізбектің (мәтелдің) еркін тіркеске түскен
яғни, тұрпатын өзгертіп, бірақ мазмұнын сақтап түрленген контекстік
нұсқасы екенін оқырман жазбай таниды.
Жазушы фразеологиялық тізбек түріндегі мақал-мәтелдерді тұтастай
емес, тек бір ғана бөлігін кейіпкердің аузына салады. Мақал-мәтелдерді
бұлайша ықшамдау сөйлеу тілі реңкін беру мақсатында жұмсалады. Бірақ
жазушы мақал-мәтелдердің кез келгенін емес, әсіресе жұртшылыққа
кеңінен танымал, яғни әлеуметтік мәнділігі кеңірек түрлерін таңдайтын
тәрізді: Қошқар туған козыдайсың, шырағым. Бірақ жолымды кескенің
калай? Үлкен емес пе ем? – дегендей болды (М.Әуезов. "Абай жолы").
Тұрақты тізбектің толық түрі (қошқар болар козының маңдайы дөң болар,
батыр болар жігіттің етек-жеңі кең болар) яғни жалпытілдік
қолданыстағы нұсқасы арнайы айтылмаса да, оқырманның ойында тұрады.
Мақал-мәтелдерді бұлайша ыкшамдаудан оның мазмұнына,
образдылығына нұсқан келмейді. Бір қазанға сыймай, жас күнінен еген
(Ғ.Мұстафин. "Шығанақ ") деген сөйлемдегі бір қазанға сыймай деген
тіркестің халықтық нұсқада – екі қошқардың басы бір қазанға
сыймайды деп айтылатын мәтел екендігін оқырман іштей біліп
отырады.
Сонымен, фразеологиялық сөз орамдарын тосын формаға
түсірудің яғни тұрақты тіркеске еркін тіркестегідей реңк берудің
әсері айрықша сезіледі. Өйткені бұрын тіл машығында кездеспеген
сонылықтың әрқашан оқырманның назарын өзіне аударатындай
ерекшелігі болады.
Стильдік тәсілдердің көркем проза тілінде аса кең тараған түрі
– фразеологиялық сөз орақшардының лексикалық құрамын жаймалап
қолдану. Айрықша шеберлікті керек ететін бұл тәсіл негізінен
фразеологизмнің контекстегі мағынасын дәлдеу, эмоциялық-
экспрессиялық реңкін күшейту үшін және фразеологизмнің
мазмұнын кеңейту мақсатында қолданылады. Мысалы, кұрық берді,
тамырындай таныды, үкі (тана) тақты деген фразеологиялық
шоғырдың құрамын жазушы жаймалап, сөз ұстап қолданады: Бірнеше
жыл бәйгесін өткізе алмай жүрген орындар қос-қосарлап үкі-танасын
түгел тақты (М.Әуезов), Осы түнде. Әзімхан төре ойға келмес сұмдыққа
60


өз қолымен құрық берді (М.Әуезов). Фразеологиялық сөз орамдарының
құрамын жаймалап колдану арқылы жазушы экспрессиялық әсерді
күшейте түседі: Амантайдың бір басқан жеріне бір айға дейін шөп
шықпайтын (Ғ.Мұстафин). Басқан ізіне (жеріне) шөп шықпайды деген
фразеологиялық шоғырды жаймалау арқылы (бір айға дейін), бұл
жерде үстеме сөз фразелогизмнің мазмұнын уақыт жағынан дәлдеп
тұрған жоқ, контекске жеңіл әзіл, жылы юмор дарытқан. 
Көркем проза контексінде кездесетін контаминация тәсілінің
стилистикалық қызметі ерекше. Мұндайда екі түрлі фразеологизмнің
сыңарлары сыйыстырыла қолданылады. Мысалы,"ағаш атқа мінгізді
деген фразеологизмнің мағынасы – "жаманат хабар таратты"; ал сан
саққа жүгіртті деген фразеологизм "әр түрлі алыпқашпа сөзге
таңды" дегенді білдіреді. Жазушы сол екі фразеологизмді
контаминация түрінде жұмсап, мазмұнын кеңейте түседі: Ел іші
Құнанбай Омбыға кетеді екен дегенді естігенде, айдалады, жазаланады
деп түсінді. Жігітек, Бөкеншілер: "Құнанбай кесіліп кетіпті.
Итжеккенге барады" деп бір сөйлеп, "жоқ, Тескентауға, Темірхан шораға
кетеді" деп бір лаулап, неше саққа мінгізіп жатты (М.Әуезов. "Абай
жолы").
Ұзын арқан, кең тұсауға салды; қысқа жіп күрмеуге келсе де,
байлауға келмейді 
деген фразеологиялық сөз орамдарының
сыңарларын түсіріп, ықшамдау арқылы контаминаңияның ерекше
түрін жасайды: Ұзын арқан, кең тұсау бұнда болғанда, қысқа жіп
күрмеуге келмес менмін (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет