Болымсыз мағынадағы фразеологизмдерді болымды етіп
жұмсаудың да айырықша әсері бар. "Кейде әбден калыптасқан
тұрақты сөз тіркестерін белгілі мақсатқа лайық өзгертіп те қолдануға
болады. Мысалы, Сәбит Мұқанов "кұм жиылып тас болмас, құл
жиылып бас болмас" деген мақалды өзінше өзгертіп, Құм жиылып тас
болды, құл жиылып бас болды
60
деп болымды мағынада қолданады.
Саналы түрде өзгеріс енгізуге байланысты өткен күнде белгі жоқ
деген болымсыз мәндегі фразеологизм әсіресе көркем
публицистикада, керісінше, өткен күнде белгі бар түрінде, болымды
мағынада жұмсалып жүр. Фразеологизмнің мазмұнын полярлық
қарама-қарсы мағынада өзгертудің әсері айрықша. Өйткені жұрт
кұлағы үйренген үйреншікті сөзді, аксиомаға айналған ұғымды
бұлайша терістеу оқырман назарын бірден өзіне аударады.
60Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы, 1984, 1 2 3 - б .
61
Сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ
61
деген фразеологиялық түйдек
көбіне адамға қатысты айтылып "көп болғанмен берекесі, сапасы
жоқ" деген мағынаны білдіреді. Осы фразеологизм мына контексте
еркін тіркес түріне айналған: Даланың алыс түкпірінде жиналған
техниканың "денсаулығын" мезгіл-мезгіл түзеп отыру – қазіргі күннің
үлкен проблемасының бірі" ғой. Қаншама тығыз, шапшаң дайындалып
жатыр дегеннің өзінде, жергілікті орындарда маман механизаторлар
мүлде жетіспейді. Шалағай мамандар техниканы тез істен шығарып
тастап, сайда саны, құмда ізі қалып, не бір керемет машиналардың
басына құс саңғып жатқанын әлі де көресің (Ғ.Қайырбеков. Ағайың
ауылында. "Қазақ әдебиеті",1981, 7 тамыз). Автор болымсыз мәндегі
фразеологизмді өзгеше тұлғаға көшіріп, экспрессиялық әсерді
күшейте түскен.
Сондай-ақ жағымсыз мәндегі фразеологизмді (адам
айтқысыз) жазушының жағымды мазмұнда қолдануы да тап осы
тәрізді тосын әсер тудырады. Бұл тәсіл әсіресе әзіл әңгіме, юмор
жанрындағы контекспен жақсы үйлесіп тұрады: Жол-жөнекей біз
жынды көбелек секілді ұшып жүрген бірнеше әйелден басқа керемет
дейтіндей ештеме көрмедік. Ал ауа-райы адам айтқысыз тамаша болып
тұрды (Э.Распе. Мюнхаузеннін хикаялары. Аударған О.Әубәкіров).
Жазушы кейде фразеологизм сыңарларының дағдылы орнын
ауыстырып, инверсия жасайды. Көбіне еркін тіркестерге тән мұндай
тәсілді жазушы фразеологиялық орамдарда қолданып, оның
мазмұнын кеңейте түседі: Акжелкеден жаналық хабарын естіп,
жинасқан жерде тұмсығымен сүйкесіп, жай-күйді танысатын бір
илеудің құмырсқасындай іштей ұғысып, бір-біріне ым қағып тарасқан
болатын (М.Әуезов. "Қилы заман"). Дағдылы колданыста илеудің
құмырсқасындай емес, керісінше, кұмырсқаның илеуінде деп
айтылатындығы белгілі. Инверсия жасау арқылы жазушы "өріп,
құжынап жүр" дегенге қоса "сыбайлас" деген жаңа сема үстемелеп
тұр. Немесе түйенің үлкені өткелде (көпірде) таяқ жейді дегенді
өткелде түйенің үлкені таяқ жейді деп өзгертудің де өзіндік мәні бар:
Енді сені мен менің заманымда Албан баласы мынаған кез болды, батыр...
Өткелде түйенің үлкені таяқ жейді... Айтсаң да, айтпасаң да тұйыққа
келіп қамалдың (М.Әуезов. "Қилы заман"). Бұл жерде "түйенің үлкеніне"
61Сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ деген фразеологиялық түйдектің ішкі формасы айқын емес,
яғни "неге бұлай айтылатындығы" қазіргі кезде түсініксіз Біздің жорамалдауымызша, бұл
фразеологизм әуелде жұмбақ түрінде айтыла келіп, фразеологиялық түйдекке айналған. Сайда
саны жоқ деп жұмбақтап отырғаны - "су", сайда есепсіз көп те, құмда "ізі" жоқ, сіңіп кетеді.
Мұндағы сай - "өзен' - мағынасындағы сөз. Сай-дың " өзен" мағынасы кейбір фразеологиялық
тізбектердің кұрамында сақталып қалған: бай байға құяды, сай сайға құяды, жаман сайға су бітсе,
өткел бермес кешкелі т.б.
62
баса мән беріліп отыр. "Өткел" – қиын-қыстау кез де, "түйенің
үлкені" – Ұзақ сияқты ел азаматы, батырлар.
Фразеологизмдердің сыңарларына тән тұрақтылықты әдейі бұза
отырып жазушы оның мағынасын қарама-қарсы мазмұнда өзгертеді.
Мысалы: Тіленшідей атадан сені керең кұлақ қып туғызған мен емес,
шүленнен шол туғызған мен деп пе ең? – деп кейіспен кекетті (М.Әуезов.
"Абай жолы").
Мысалдағы
шүленнен шол туғызған
деген
фразеологиялық шоғыр "атақты кісіден тар кеуде туды" дегенді
білдірсе, шөлден шүлен туған деп өзгертуден мүлде қарама-қарсы
ұғым пайда болады. Мұндайда байқалатын ерекшелік –
фразеологизмнің образдылығына нұсқан келмейді, яғни бірінші
иллюстрацияда фразеологизм литотаға, ал екіншісінде гипербола
түріндегі айшықтарға (фигураларға) негізделген.
Фразеологизм сыңарларының дәстүрлі орын тәртібін стильдік-
мазмұндық мақсатта өзгерте жұмсаудың тағы бір жарқын мысалмен
мынадай контекстен де байқауға болады: Қызтуған сайын ұл тілей
береді деген секілді көп тілекті үйе бермейік. Осыны орындасақ та аз
болмас. Бірақ ұл тілеген сайын қыз таба береді деп, тілек біткен жерде
қалмасын (Ғ.Мүсірепов). Осылайша фразеологиялық тізбектердегі
сыңарлардың орнын алмастыру арқылы суреткер қаламы
қаламбурдың ерекше сирек үлгісін көрсеткен және бір
фразеологизмнің екі түрлі формасын жарыстыра жұмсау арқылы
градация жасап, сөздің әсерлігін күшейте түскен.
Жалпытілдік қолданыста арпа ішінде бір бидай деп айтылатын
фразеологиялық шоғырдың мағынасы "топ ішіндегі таңдаулы, елеулі,
ала бөтен ерекше көрінетіні" дегенді білдіреді. Жазушы
фразеологизмнің құрамындағы сөздердің дағдылы орнын
алмастырып, сөзге басқаша мазмұн береді: Ал "Құланоты аулында
соңғы кезеңде сексеннің табалдырығынан аттаған жалғыз Сырым болды.
Қалың бидайдың ішінде жалғыз арпа (Ш. Мұртазаев. "Кәрі солдат"),
Фразеологизмді бұлайша өзгертуден оның образдылығы әлсіремейді.
Фразеологизмнің семантикалық структурасындағы "таңдаулы",
"іріктеулі" тәрізді семалар салғырттанып (дедуктуализацияланып)
кетеді де "оқшау", "алабөтен" деген семалар актуальзацияланады.
"Бір бидай арпа, өзің біл қалқа" деп келетін халық өлеңіндегі бір бидай
арпаның неге бұлай айтылатындығы қазіргі кезде белгісіз. Ал,
шындығында, бұл тіркес арпа ішінде бір бидай-дың жаңғырған түрі
62
.
Фразеологизмнің формасы жаңғырғанмен, образ тұрақты болады.
Мысалы, "топ ішіндегі таңдаулы, қадірлі" деген образды мағына
62Арпа ішінде бір бидай деген фразеологиялық тіркес ертеректе балалардың ойынында да айтылған.
Бөтен ортаны жатырқағына баланы қатарлары ортаға алып, түрткілеп әзіл түрінде "арпа ішінде бір
бидай, шоқып алды бір торғай"деп, "етін үрететін" болған.
63
фразеологизмнің жалпытілдік үлгідегі түріне де, контекстегі
түрленген нұсқасына да ортақ.
Жазушы қаламы кейде фразеологиялық орамдардың
мағыналарындағы образдылықты сақтай отырып, олардың
лексикалық құрамын әрі грамматикалық мағынасын да өзгертіп
қолданады. Жалпыхалықтық тілде ел іші ала тайдай бүлдірді деген
фразеологиялық түйдек бар, "жұртты дүрліктірді" деген мағынада
жұмсалады. Енді осы аталған фразеологизм көркем тіл кестесіне
енгенде өзгеше структуралық, грамматикалық өзгеріске түседі: Тура
қойылған сұрақтан тұра қашқысы келген Біржан алатайдай бұзылған
аспанға қарады. – Көк айныды. Мынаусы жаңбыр ғой (А.Сүлейменов.
"Адасқақ").
Жалпытілдік қолданыста етістік мағынасында
жұмсалатын фразеологизм сындық мәнге көшіп, аспанның
анықтауышы болып тұр. Мұндай түрлендіру сындық сапаның
интенсивтілігін күшейте түскен: "Көк жүзі көшкен жұрттай әбігерге
түскен". Фразеологизмнің сырт тұрпаты деформацияланғанмен,
образды мағынасы бұзылмаған.
Көркем шығарма тілінде жиі жұмсалатын, эмоционалдық
реңкке ие бір алуан фразеологизмдер бар:
Ойлану – кейде наркескен
Жүректі сара тіледі.
Ойланбасаң жаның жай,
Қысыла қында жүреді. (І.Жансүгіров).
Жүректі тілді, жүректі сара тілді
63
деген фразеологиялық
тіркесті жалпытілдік үлгіде алуды жазушы қаламы місе тұтпай,
Достарыңызбен бөлісу: |