ассалаумағалейкум, армысыз тәрізді синонимдік қатары бар. Оларды
тіл жұмсауымызда ретіне карай қолдана береміз. Ал радио, теледидар
дикторлары соңғы хабарды "армысыздар!", "ассалаумағалейкум!" деп
бастамайтыны белгілі. "Сәлеметсіздер ме, құрметті жолдастар!",
"Кеш жарық!" немесе "Қайырлы таң!" тәрізді сөз орамы радио,
телевизия тілінің дәстүріне айналды. Микрофон арқылы өзгеше
амандасу құлаққа мүлде жат естілер еді. Сондай-ақ -уда тұлғасы "Цех
коллективі шикізатты тиімді пайдалануда", "Механизаторлар жасыл
орақты ұйымшылдықпен өткізуде" тәрізді газет хабарларында, радио
репортаждарында, жиі жұмсала келіп, публицистика стилінде орныға
түсті. Ал мұндайларды үйреншікті ортасынан "көшіріп", өзге жерге
(стильге) "қондыру", болмаса газет бағанасынан мүлде аластау көпе-
көрне зорлық тәрізді көрінер еді.
Немесе баяндауыштың. кұрамында айтылатын болып табылады,
болып есептеледі, бірінен саналады тәрізді етістіктерді ресми жағдайда,
67
ғылыми баяндауларда орынды болғанымен, оларды көркем шығарма
немесе сөйлеу тілінде жұмсаудың ешбір
74-75 беттер жоқ
Саналы түрде, көркемдік мақсатқа орай алынған мұндай бөгде
стильдік элементтер оқиғаның қай дәуір, қандай әлеуметтік ортада
өтіп жатқанын, соған тән бояуларды көрсетеді. Кейіпкер тіліне
әлеуметтік-типологиялық мінездеме береді. Суреткер бөгде стильдік
элементтерді таза коммуникациялық мақсатта жұмсамай,
эстетикалық қызметке жеккен. Жазушының стиль тезіне түскен
(стилизацияланған) мұндай қолданыстар өзге сөздермен "тіл
табысып" барып, шығарма тілінің көркемдік кестесін құрайды.
Қазіргі тілімізде толып жатқан жарыспалы сөздер бар: байымда
– пайымда, нысан – нышан, қария – кәрия, т.б. Бұл – кемшілік емес,
тілдің жаңғырып, қайта түлеп отыруының бір белгісі. Өлі тілде ғана
ондай тіршілік нысаны болмайды. Халал – адал, харам – арам, дұспан –
дұшпан, мақсұт – мақсат тәрізді варианттар бір кезде жарыса
қолданылған. Бұл сыңарлардың ескі кітаби тіл реңіндегі
алдыңғылары тіл майданынан ығысып, соңғылары әдеби тіл нормасы
ретінде қалыптасқандығы ешбір дау туғызбайды. Әдеби тіл
межесінен тысқары қалған мұндай көне кітаби элементтерді кейде
қаламгерлеріміз көркем тіл кәдесіне жаратып отырады.
"– Жол ұзақ, ұйқы ашар болсын деп ойлап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз,
Жұмеке" (М.Әуезов. "Абай жолы").
Тек дұрыстықты көздесе, бәлкім, жазушы айыпқа бұйырмаңыз
деп қолданған болар еді. Бірақ жазушы қаламы тек дұрыстықты
қаламаған. Бұл – қаладан ауылға алып ұшып келе жатқан бала
Абайдың ғана емес, медреседен дәріс алып қайтқан шәкірт Абайдың
сөзі екенін еске алсақ, жазушының ескі реңдегі кітаби сөзге (ғайып)
тегін жіп тақпағанын байқаймыз. Әдеби тіл межесінен тысқары
жатқан мұндай варианттар мысалы, мақсұт, дүния, дұспан т.б.
қосымша жүк арқалап, тұрмаса (мұны лингвистикада сөздің
эстетикалық қызметте жұмсалуы дейді), ғайыпқа бұйырмаңыз деу
орынды көрінбес те еді.
Тағы бір мысал, бейбіт қатар өмір сүру– "таптық күрестің бір
формасы". Бұл терминнің 80-жылдардағы қоғамдық саяси әдебиетте
жиі жұмсалатындығы мәлім. Ат жазушы қаламы сөзді үйреншікті
ортасынан тыс контексте(ғылыми-публицистикалық жанрда) жұмсай
отырып, сөзге айрықша әсер дарытады: "Көреген де батыл сынның
көмегіне ділгер шығарма бізде әлі де көп. Олай болса, көркемдік кұны
төмен, барып тұрған идеясыз шығармамен бейбіт қатар өмір сүру
68
тәсіліне енді мүлде көнуге болмас еді" (Ғ.Мүсірепов). Жазушының бөгде
стильдік элементті бұлайша қалам ырқына бағындыра қолдануы – тіл
шеберлігінің бір қыры.
Әдеби тiлдiң стиль жігі. қатаң сақталып, нормасы айқындала түскен
сайын мұндай көркемдiк тәсілдің оқырманға тигізер әсері ерекше болмақ.
Ғабит Мүcipепoвтiң қалам өрнегіне тән көріктеуіш тәсілдердің
небір
құнарлы түрлері бар. Суреткердің әдеби тілдің әр стильдерінен бояу алып,
өрнек салуы. да, бiздің байқауымызша, шебер жасалған сан тарау көркем
үлгілердің бipi. Осындай үлгі жазушының «Болашаққа аманат" деп аталатын
тарихи драмасынан да («Жұлдыз», № 1, 1981) айқын байқалады.
Драмадағы негiзгi
тұлға
Сырым.
Оқиғаның өрістері шеніндегі
Сырымның ханмен сөз қақтығысы халық ұғымындағытарихи Сырымның
шешендігін еске түсіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |